89 жастағы қарт мәслихат депутаты болмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына 11 133 кандидат ұсынылды. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.
None
None

«Бүгін мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды. 23 ақпанға дейін ұсылған кандидаттарды тіркеу жалғасады. 24 ақпаннан бастап мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихаты басталады», - деді Қ.Тұрғанқұлов.

Оның алға тартқан деректеріне сәйкес, жалпы республика бойынша 11 133 кандидат ұсынылды. Осылайша, орташа бәсекелестік 1 депутат мандатына 3-тен астам үміткерді құрап отыр. Кандидаттардың 68,6 пайызы өзін-өзі ұсынғандар, ал қалған 31,4 пайызын саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсынды.

1 617 адам облыстық мәслихаттарға, 126-сы астана мәслихатына, 165-і Алматы мәслихатына дауысқа түсуде. Аудандық мәслихатттарға - 7 085 кандидат, ал қалалық мәслихаттарға 2 140 кандидат ұсынылды.

«Кандидаттардың 75,1 пайызының жоғары білімі бар. Көпшілігі - мұғалімдер, инженерлер мен экономистер. Кандидаттардың орташа жасы - 43,6 жас. Соның ішінде жасы жағынан ең үлкен кандидат Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш аудандық мәслихатына ұсынылып отыр. Оның жасы 89-да», - деді Қ.Тұрғанқұлов.

Соңғы жаңалықтар