9 ақпан күні болатын маңызды оқиғаларға шолу
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 9 ақпан күні болатын маңызды оқиғаларға шолу жасайды.
Астанада сағат 10:00-де «Үкімет үйінде» ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді.
Сағат 10:00-де «Жер тағдыры» қоғамдық бірлестігі «Қазақстан: Азаматтық қоғамның құқықтық мәселелері мен оны шешу жолдары» атты тақырыпты дөңгелек үстел өткізеді.
Сағат 14:30-да Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет ғимаратында жаңа Салық кодексі түсіндіріледі. Тақырыбы: Салық және кедендік заңнамаларға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға шолу.
Сағат 16:00-де Park Inn қонақ үйінде Қазақстанның кәсіби футбол лигасы ҚР Премьер-лигасындағы футбол клубтары арасында жаңа маусымының күнтізбесін жасау үшін жеребе тастайды.
Сағат 16:30-да Корей мәдениет орталығында Пхёнчхан-2018 қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты тікелей эфир арқылы көрсетіледі.
АЛМАТЫ
Сағат 11:00-де Алматы аймақтық коммуникациялар орталығында «Тырысқақ ауруын жұқтыру, таратудың алдын алу» тақыбырында баспасөз конференциясы өтеді.
Сағат 15:00-де ҚР Ұлттық кітапханасында этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы талқыланады.
АҚТӨБЕ
Сағат 10: 00-де Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің ғимаратында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Тарихи тұлғалар тағылымы» атты республикалық пікірсайыс турнирі өтеді.
Сағат 10: 00-де Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің қызметкерлері Алға балалар үйінің тәрбиеленушілерімен мұз айдынында хоккей жарысын өткізеді. Сонымен қатар, балаларға арнап Өрт сөндіруші-құтқарушылар музейіне арнайы экскурсия ұйымдастырылады.
АҚМОЛА
15:00-де Ақмол ауылында Целиноград ауданының әкімі Мәлгаждар Тәткеев 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындыларын мен 2018 жылға белгіленген міндеттерін туралы тұрғындар алдында есеп береді.
ОҚО
Сағат 11:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің өкілдері Елбасының мақаласы аясында 2017 жылы облыста атқарылған жұмыстар мен биылғы жылы жүзеге асатын іс-шаралар бойынша баспасөз мәслихатын өткізеді.