18:39, 10 Қазан 2013 | GMT +5
9 айда еліміздегі өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 102,1% құрады
АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қаңтар-қыркүйекте еліміздегі өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 102,1% құрады. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, ағымдағы жылдың 9 айында 2012 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ және түсті металдар кендерін өндіру артқан. Сонымен қатар, есепті кезеңде тамақ өнімдерінің, сусындардың, химия, машина жасау және мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі жоғарылаған.
«Өндірістің өсуі республиканың 11 өңірінде байқалды. Төмендеу Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облыстарында тіркелді», - делінген баспасөз баянында.