9 қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM - «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.

ауа сапасы
Фото: Pixabay

24 қаңтарда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күндіз Қарағанды, Теміртау, тәулік бойы Астана, Алматы, Шымкент, Өскемен, Риддер, Павлодар, Петропавл қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.