9 қаңтар. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 9 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
61 жыл бұрын (1965) Петропавл қаласының әкімі Серік Махсұтұлы МҰХАМЕДИЕВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Биғаш ауылында туған. Өскемен жол-құрылыс институтын «Инженер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1989 жылы Алматы қаласындағы 2562 автоколоннасының пайдалану бөлімінің бастығы, 2010-2016 жылдары «АВТО-Холдингтік Компания» ЖШС экономисі, коммерция жөніндегі орынбасары, сауда-коммерция бөлімінің бастығы, директоры, «A.G. Trade» ЖШС директоры, «Достар плюс компаниясы» ЖШС қаржы директоры, «Dega Plus» ЖШС қаржы директоры, сметалық-шарттық жұмыстарды жоспарлау және жүргізу бөлімінің бас маманы, жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру бөлімінің бастығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары, 2016-2021 жылдары Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы, 2021-2023 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов атындағы аудан әкімі қызметін атқарды.
2023 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.
51 жыл бұрын (1975) «Хабар агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Данияр Смадилұлы МЕҢІЛБЕКОВ дүниеге келді.

1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің ирантану бөлімін «шығыстанушы-тарихшы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1996-1999 жылдары аудармашы болып жұмыс істеді. 1999-2000 жылдары «НТК» телеарнасында тілші, шығарушы редактор, 2000-2005 жылдары «Алматы – Оңтүстік астана» телеарнасында тілші, шығарушы редактор, бағдарламалардың жүргізушісі, 2000-2011 жылдары «Русское радио Азия» журналисі, жауапты редакторы, бас редакторы, 2005-2010 жылдары «Хабар» телеарнасында «Ақшаң болса» бағдарламасының жүргізуші-редакторы, «Қазақстан» телеарнасындағы «Капитал әліппесі» және «Бизнес ақпарат» бағдарламаларының жүргізуші-редакторы, 2011-2014 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Баспасөз хатшысы, 2014-2016 жылдары ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің бас сарапшысы, 2016-2017 жылдары «Назарбаев Университеті» ДББҰ «University Medical Center» корпоративтік қорының PR-менеджері, 2017-2018 жылдары «Назарбаев Университеті» ДББҰ «University Medical Center» корпоративтік қорының Стратегия және бизнесті дамыту департаментінің бас менеджері, 2017-2019 жылдары «Qazaqstan» телеарнасы Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының продюсер-жүргізушісі, 2019-2020 жылдары «Назарбаев Университеті» ДББҰ «University Medical Center» корпоративтік қорының Басқарма кеңсесінің бас менеджері, 2020-2022 жылдары «ҚазАэроНавигация» РМК бас маманы, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі, 2022 жылы «Хабар» Агенттігі» АҚ Стратегиялық даму және медиажоспарлау департаментінің директоры болып қызмет атқарған.
2022 жылғы тамызда «Хабар» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2025).
49 жыл бұрын (1977) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Ерлан Ерғазыұлы ДӘКЕНОВ дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетті бітірген.
Еңбек жолы: 2000–2008 жылдары «Ақтоғай Транспорт компаниясы» ЖШС менеджері, заңгері, 2008–2012 жылдары Астана қаласының Мәдениет басқармасы «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК кадр бөлімінің қоюшы-режиссері, продюсер маманы, баспасөз хатшысы, инспектор - аға маманы, 2012–2016 жылдары ҚР Мәдениет министрлігі Мәдениет комитеті «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі» РМҚК директоры, 2016–2019 жылдары ҚР Мәдениет министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК директорының орынбасары, 2019–2025 жылдары Астана қаласы әкімдігінің «Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК бас директоры болып қызмет етті.
Қазіргі лауазымын 2025 жылдың шілдесінен бері атқарып келеді.
176 жыл бұрын (1850-1902) орыс геологы және географы, Түркістан өлкесін алғаш зерттеушілердің бір Иван Васильевич МУШКЕТОВ дүниеге келді.

Ресейдің Волгоград облысында туған. Санкт-Петербор тау-кен институтын бітірген. Түркістан генерал-губернаторының жанындағы ерекше тапсырмалар бөлімінде қызмет істеген. 6 рет ғылыми-зерттеу экспедицияларына қатысып, Тянь-Шань, Жоңғар (Жетісу) Алатауы, Памир-Алтай тауларын зерттеді. Түркістан өлкесінің картасын түзетіп, толықтыруға атсалысты. Орта Азия тау тізбектерінің орографиялық кұрылысы туралы бұрынғы түсінік өзгертіліп, Тянь-Шань мен Памир-Алтай тауларының солтүстікке қарай иілген ендік доғалардан тұратындығын анықтады. 1884 жылы Г.Романовскиймен бірге Түркістанның тұңғыш геологиялық картасын жасады. Арал Қарақұмының шығу тегін, Каспий теңізі деңгейінің көтерілу мөлшерін зерттеп, Батыс Қазақстанда геологиялық және географиялық бақылаулар жүргізді. 1887 жылы Верныйға (қазіргі Алматы) келіп, жер сілкіну себептерін және оның зардаптарын анықтады. Өлкедегі зерттеулерін 2 томдық «Түркістан» деп аталатын еңбегінде қорытындылады. Бұл еңбекте аймақтың тұңғыш геолог және географиялық толық сипаттамасы берілді. Әр жылдары оңтүстік Оралда, Кавказда геологиялық және кен барлау жұмыстарымен айналысты. 2 томдық «Физикалық геология» атты теориялық еңбегі жарияланған. Мушкетов құрметіне Сібірдегі тау, Тянь-Шаньдағы мұздық аталған.