9 қаңтарда елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

3 облыста көлік қозғалысы шектеле
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Ұлттық компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 9 қаңтар сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Атырау облысында республикалық маңызы бар «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолының 710-778-шақырым аралығы (Аққыстау кенті – Зинеден ауылы учаскесі) бойынша автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашық.

Жабық жолдар

Шығыс Қазақстан облысында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

Сонымен бірге «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы жолайрықтың көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жолайрығы учаскесі жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 9nқаңтарда республиканың басым бөлігі антициклонның ықпалында болатынын, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталатынын хабарлаған еді.

Еліміздің батысында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болжанып отыр. Солтүстікте аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Сондай-ақ республиканың барлық аумағын тұман басып, жел күшейеді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум