9 қараша. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 9 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

24 желтоқсан. Жылнама
Фото: Kazinform/Midjourney

77 жыл бұрын (1948) ҚР мемлекет қайраткері Оңалсын Исламұлы ЖҰМАБЕКОВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. 1974 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1966-1969 жылдары Талдықорған облысы Ақсу ауданындағы Жаңақоғам совхозында жұмысшы, 1974-1980 жылдары Әуезов ауданы прокуратурасында стажер, тергеуші, Қазақ КСР прокуратурасында тергеу бөлімінің прокуроры, 1980-1983 жылдары Қазақ КСР прокурорының ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшісі, 1983-1985 жылдары Алматы қаласы Фрунзе аудандық прокуратурасының прокуроры, 1985-1990 жылдары Алматы облысы прокурорының орынбасары, 1990-1994 жылдары Маңғыстау облысының прокуроры, 1994-1996 жылдары Алматы облысының прокуроры, 1997-2003 жылдары ҚР Бас прокурорының орынбасары, 2003-2005 жылдары ҚР Әділет министрі, 2005-2007 жылдары ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, 2007-2008 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары, 2008-2012 жылдары ҚР Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.

2007-2008 жылдары - ҚР Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің төрағасы, 2012 жылдан бастап - ҚР Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның мүшесі.

1990 жылы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі депутаттығына кандидат, 2011 жылы «Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша бесінші сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, 2012-2016 жылдары V сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.

«Даңқ», «Парасат» ордендерімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.

66 жыл бұрын (1959) «Арыстан» Мамандандырылған лицейінің бастығы Мұрат Жалелұлы МАЙКЕЕВ дүниеге келді.

Мұрат Жалелұлы МАЙКЕЕВ
Фото: lyceum-arystan.kz

Ақтөбе қаласында туған. 1980 жылы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін бітірген.

Офицерлік қызметін мотоатқыштар взводының командирінен бастаған. Әрі қарай мотоатқыштар ротасының командирі, штаб бастығы – мотоатқыштар батальоны командирінің орынбасары, мотоатқыш батальонының командирі лауазымдарында қызмет атқарған. 1994 жылы М.В. Фрунзе атындағы әскери академияның командалық факультетін бітіріп, Республикалық ұлан бригадасының жауынгерлік дайындық бөлімі жоспарлау және бақылау бөлімшесінің бастығы лауазымына тағайындалды. Одан әрі қамтамасыз ету батальонының командирі, бригада командирінің орынбасары – жауынгерлік дайындық бөлімінің бастығы, Республикалық ұлан 1-ші (Алматылық) полкінің командирі лауазымдарында қызмет атқарды.

1998 жылы мотоатқыштар дивизиясы командирінің орынбасары лауазымында қызмет атқарған. 1998-2002 жылдары мотоатқыштар дивизиясының командирі болды. 2002-2003 жылдары ҚР Қорғаныс министрлігі Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар департаментінің бастығы, 2003-2009 жылдары ҚР Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы, 2010-2016 жылдары ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметінде болды. 2011 жылғы 7 мамырда ҚР Президентінің Жарлығымен «генерал-лейтенант» атағы берілді. 2016-2019 жылдары Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары –ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымын атқарған.

Қазіргі лауазымын 2022 жылдың қазан айынан бері атқарып келеді.

II дәрежелі «Айбын», II дәрежелі «Даңқ» және I дәрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталған.

66 жыл бұрын (1959) қазақ театр және кино актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айман Өтегенқызы АЙМАҒАМБЕТ дүниеге келді.

Айман Өтегенқызы АЙМАҒАМБЕТ
Фото: kaztheatre.kz

Қарағанды ​​облысында туған. Ж.Жабаев атындағы орта мектепті бітірген. Алматыдағы П.И. Чайковский атындағы музыкалық колледждің ән және дирижерлық факультетін (1984); Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының «Музыкалық-драмалық кино актері» факультетін бітірген (1989).

Еңбек жолы: Жезқазған облыстық филармониясының «Жезкиік» ансамблінің әншісі (1978-1980); Жезқазған музыкалық драма театрының актрисасы (1989-1991); Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының актрисасы (1991); «Үзілген бесік жырындағы» ана рөлі үшін ХІІІ республикалық театр фестивалінде «Үздік әйел кейіпкері» номинациясының жеңімпаз (2005); А.Чеховтың «Шие» комедиясындағы Шарлотта рөлі үшін Қазақстан драма театрларының XXIV республикалық фестивалінде «Үздік спектакль» аталымы бойынша жеңіс (2016); Челябинск қаласында (Ресей) өткен V Халықаралық шағын форматты театрлар фестиваліндегі жеңіс, Түркі халықтарының XIII Халықаралық «НАУРЫЗ» театр фестивалінде, Қазан қ., Татарстан Республикасы (2017 ж.).

47 жыл бұрын (1978) Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығы Қахарман Нұртасұлы ОРАЗАЛИН дүниеге келді.

Қахарман Нұртасұлы ОРАЗАЛИН
Фото: Gov.kz

Шығыс Қазақстан облысында туған. 2000 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, 2011 жылы Ресей ТЖМ азаматтық қорғау академиясын бітірген.

Еңбек жолы: 2000-2020 жылдары Азаматтық қорғаныс бөлімшелерінің аға офицері, Шығыс Қазақстан Төтенше жағдайлар департаментінің Әскери жұмылдыру және арнайы жұмыс бөлімінің бастығы, Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс бөлімі бастығының орынбасары, 2020-2024 жылдары ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларға ден қою департаментінің бастығы болып қызмет атқарды.

Қазіргі қызметін 2024 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келеді.

Соңғы жаңалықтар