9 қазан. Тұлғалар туған күн

Бүгін, яғни 9 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

календарь күнтізбе
Фото: Kazinform/ Midjourney

ЕСІМДЕР

70 жыл бұрын (1954) «ПВАСС» ШЖҚ РМК Атырау филиалының директоры Амангелді Құрмашұлы ҚУАНАЛИЕВ дүниеге келді

 КУАНАЛИЕВ Амангельды Курмашевич
Фото: centrspas.kz

Атырау облысында туған. 1978 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, 1985 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген.

Еңбек жолы: 2018-2021 жылдары Гурьев облыстық атқару комитетінің жетекші экономисі; Алматы қаласы және Алматы облысы әкімі орынбасарының кеңесшісі; Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар комитетінің бас экономисі, Алматы қ.; «CCS» халықаралық компаниясының Үкіметпен байланыс жөніндегі бас менеджері; Атырау қаласы әкімдігінің механикаландыру және көлік басқармасының басшысы; «Атырауөзенпортс» АҚ президенті; «Атыраумұнайгазгеология» АҚ президенті; «Нефтегазводстрой» ЖШС директоры; «ПВАСС» ШЖҚ РМК Маңғыстау филиалының директоры қызметтерін атқарды.

2021 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі қызметінде.

64 жыл бұрын (1960) Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің директорлар кеңесінің төрағасы Әмірхан Мұратбекұлы РАХЫМЖАНОВ дүниеге келді.

РАХИМЖАНОВ Амерхан Муратпекович
Фото: e-history.kz

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Бестерек кентінде туған. Семей педагогикалық институтын тарих және қоғамтану пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша, Қазақ қаржы-экономика институтын экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылым докторы, профессор.

Еңбек жолы: 1977-1978 жылдары Семей облысы Үржар ауданы Чапаев атындағы колхоз жұмысшысы, 1981-1990 жылдары орта мектеп оқытушысы, колхоздың комсомол комитетінің хатшысы, Ленин атындағы колхоздың партия комитетінің хатшысы болған. 1990-1991 жылдары Қазақстан Компартиясы Үржар аудандық комитетінің саяси ағарту кабинетінің нұсқаушысы, меңгерушісі, 1991-1995 жылдары мектеп-лицей директоры, Семей облыстық білім департаменті бастығының орынбасары - облыстық педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институтының директоры, 1995-1999 жылдары Семей қалалық білім беру басқармасының бастығы, Семей облыстық білім беру департаменті бастығының бірінші орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы білім беру бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. Білім беру, жалпы әкімшілік жүйесі мен жапон тілін үйрену мақсатында мемлекеттік қызметшілермен алмасу жобасы бойынша Жапонияда тағлымдамадан өтті. 1999-2001 жылдары ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Орта және кәсіби білім комитетінің басқарма бастығы, ҚР Білім және ғылым министрлігі Орта білім департаменті директорының орынбасары. 2001-2003 жылдары ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, 2003-2006 жылдары Астана қаласы білім департаментінің бастығы, 2006-2008 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің бас инспекторы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып еңбек етті. 2008-2010 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары, 2010-2012 жылдары «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының Астана қаласы бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды, қосымша Қазақ-Ресей университетінің саясаттану кафедрасының профессоры болып жұмыс істеді. 2012-2014 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі, 2014 жылдан бастап V шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының партиялық тізім бойынша сайланған мүшесі болды. 2015-2017 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы, 2017-2019 жылдары «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» ММ директорының орынбасары қызметін атқарды. 2019-2021 жылдары «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» ММ директоры болды.

2023 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Құрмет» орденімен (2010), медальдармен марапатталған.

55 жыл бұрын (1969) Ұлытау облыстық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Мұрат Ерназарұлы АЛТАЕВ дүниеге келді.

 АЛТАЕВ Мурат Ерназарович
Фото: Департамент полиции области Ұлытау

Шымкент қаласында туған. Қазақ химия-технологиялық институтын «Инженер-химик» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: Абай АІІБ Тельман кенттік полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, Абай АІІБ паспорт-виза бөлімінің инспекторы, төлқұжат-виза бөлімінің паспорт-виза жұмысы жөніндегі аға инспекторы. Абай АІІБ, Шымкент ҚІІБ көші-қон полициясы бөлімінің аға инспекторы, Шымкент қалалық ІІБ 3-ПБ көші-қон полициясы бөлімінің аға инспекторы. Оңтүстік Қазақстан облысы, ОҚО ІІБ Шымкент қалалық 2-ПБ көші-қон полициясы бөлімінің бастығы, орынбасары. Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД Шымкент қалалық 2-ші полиция бөлімінің бастығы, орынбасары. Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД Шымкент қалалық ІІБ Абай аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, орынбасары. ОҚО ІІД Шымкент ҚІІБ полиция бөлімінің бастығы, ОҚО ІІД Мемлекеттік күзет қызметі басқармасының бастығы, ІІД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы. Оңтүстік Қазақстан облысының істері, ОҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, ОҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы (1993-2015); Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД Төлеби аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (2015-2018); Шымкент қалалық ІІБ бастығының орынбасары (2018-2022).

2022 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

39 жыл бұрын (1985) Республикалық электронды денсаулық орталығы бас директорының бірінші орынбасары Бейбіт Сәлімұлы ЕСЕНБАЕВ дүниеге келді.

ЕСЕНБАЕВ Бейбут Салымович
Фото: primeminister.kz

Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Мехатроника және роботехника» мамандығы бойынша (2008), Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша (2012), «ҚДСЖМ» Қазақстандық медициналық университетінің магистратурасын (2019) бітірген.

Еңбек жолы: 2006-2009 жылдары жекеменшік ұйымда инженер-бағдарламалаушы, 2009-2011 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Инвестициялық жобалардың мониторингі және даму басқармасының сарапшысы, 2011-2013 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің басқарма сарапшысы, бас сарапшысы, басшысы қызметтерін атқарды. 2013-2017 жылдары ҚР ДСМ бөлімшелерінің басшысы, 2017-2020 жылдары ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды цифрландыру департаментінің директоры, 2020-2022 жылдары ҚР ДСМ электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры (2020-2022) , ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі (2022-2024).

24 жыл бұрын (2000) қазақ зілтеміршісі, әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Азия чемпионы Нұрғиса ӘДІЛЕТҰЛЫ дүниеге келді.

АДИЛЕТУЛЫ Нургиса
Фото: olympic.kz

Шымкент қаласында дүниеге келген.

2019 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында төртінші орын алса, сол жылы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды. 2020 жылы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды. 2022 жылдың қазан айында өткен Азия чемпионатында қоссайыс бойынша 376 келі нәтижемен 96 келіге дейінгі салмақта төртінші орын алды. 2022 жылдың желтоқсан айында өткен әлем чемпионатында қоссайыс бойынша 383 келі нәтижемен 96 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды. 2023 жылдың мамыр айында қазақстандық спортшы құрлық біріншілігінде алтын медаль жеңіп алды.