9 қазанда ауа райы күрт құбылады: 14 өңірге ескерту берілді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның 14 облысында 9 қазанға ескерту жарияланды. Бірқатар өңірде желдің екпіні 28 м/с-қа дейін күшейіп, тұман, жаңбыр, таулы аймақтарда қар түсетені болжанды. Бірнеше өңірде төтенше өрт қаупі күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі мәлім етті.

9 қазанда ауа райы күрт құбылады: 14 өңірге ескерту берілді
Фото: Pexels

Қарағанды облысында түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Қарағанды қаласында күндіз батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады.

Жетісу облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы солтүстікте және шығыста 15–20 м/с, күндіз кей уақытта 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, батысында және орталығында тұман күтіледі. Орталықта жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман болады.

Ақтөбе облысында түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Шығысында жоғары өрт қаупі, ал батысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында түнде және таңертең тұман болады.

Павлодар облысында батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде облыстың оңтүстігі мен шығысында 15–20 м/с, күндіз 15–20 м/с болады. Оңтүстігі мен шығысында желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетеді. Павлодарда күндіз батыстан соғатын жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 15–20 м/с, шығысы мен оңтүстігінде кей уақытта 25 м/с болады. Күндіз желдің жылдамдығы 15–20 м/с, шығысы мен оңтүстігінде екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Петропавлда батыстан, солтүстік-батыстан соғатын жел 15–20 м/с болады.

Атырау облысында түнде және таңертең облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да төтенше өрт қаупі бар.

Ақмола облысында түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы облыстың солтүстігі мен шығысында 15–20 м/с болады. Көкшетауда күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.

Абай облысында оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы солтүстікте, шығыста және оңтүстікте 15–20 м/с, екпіні 25 м/с болады. Семейде күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің таулы аудандардағы екпіні 15–20 м/с болады.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі бар. Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады. Таулы аудандарда жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі, кей уақытта жауын-шашын қатты болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 15–20 м/с, екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Өскеменде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында түнде және таңертең тұман болады.

Қостанай облысында түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы облыстың солтүстігі мен шығысында 15–20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Бұған дейін «Қазгидромет» 8–10 қазанға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Мамандардың мәліметінше, алдағы күндері елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болып, жаңбыр, солтүстік және шығыс өңірлерде сулы қар жауады. Шығыста көктайғақ күтілетінін жаздық.