9 қыркүйек. Тұлғалар туған күн

Kazinform оқырман назарына 9 қыркүйекке арналған атаулы күндер мен есте қалар оқиғалар күнтізбесін ұсынады.

календарь күнтізбе
Фото: Kazinform/ Midjourney

ЕСІМДЕР

91 жыл бұрын (1933) жазушы, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының және Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты Әкім Үртайұлы (Әкім Тарази) ӘШІМОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Абай атындағы Қазақ педагогика институтының филология факультетін, Мәскеудегі сценаристердің жоғары курсын бітірген.

Еңбек жолын орта мектеп мұғалімі болып бастаған. 1956-1958 жылдары «Ара» журналының әдеби қызметкері. 1958-1959 жылдары «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінің жауапты хатшысы. 1962-1970 жылдары «Қазақфильм» киностудиясы редакциялық алқасының мүшесі, бас редакторы. 1970-1971 жылдары «Литературная газетаның» Қазақстан бойынша меншікті тілшісі. 1971-1980 жылдары Кинематографистер одағы басқармасының бірінші хатшысы. 1986-1998 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болған. Жазушының алғашқы кітабы «Құйрықты жұлдыз» повесі 1966 жылы жарық көрді. Одан бері «Үлкен ауыл», «Асу-асу», «Қиян-соқпақ», «Бұлтқа салған ұясын», «Тасжарған», «Қыз махаббаты», «Гнездо на облаках», «Журавли-журавушки», «Басынан Қаратаудың...», «Кен», «Тәж» повестері, әңгімелері, романдары жарияланды. Сондай-ақ «Күлмейтін комедия», «Жақсы кісі», «Жолы болғыш жігіт», «Қос боздақ», т.б. пьесалардың, «Тұлпардың ізі», «Арман атаман», «Қараш-қараш оқиғасы», «Мұстафа Шоқай», т.б. кинофильм сценарийлерінің авторы. Бірқатар кітаптары шет ел тілдеріне аударылған. «Құрмет» орденімен марапатталған.

74 жыл бұрын (1950) Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі Гүлжан Жанпейісқызы ҚАРАҚҰСОВА дүниеге келді.

КАРАГУСОВА Гульжана Джанпеисовна
Фото: parlam.kz

Алматы қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. 1972-1994 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент, профессоры. 1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық реформалар жөніндегі көмекшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Экономикалық консультанттар кеңесінің басшысы. 1995-1996 жылдары Қазақстан Республикасы Құнды қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы. 1996-1997 жылдары «Қаржы нарығы институты» қоғамдық қорының президенті. 1997-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитеттің төрайымы. 2001-2007 жылдары Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметтерін атқарған. 2007 жылдан Мәжілісте. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің V шақырылым депутаты, қаржы және бюджет комитетінің төрайымы (2012-2016); Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің VI шақырылым депутаты, қаржы және бюджет комитетінің төрайымы (2016 жылдан бастап).

Қазіргі қызметін 2019 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келеді.

«Парасат», «Содружество», ІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған.

44 жыл бұрын (1980) Түркістан облысы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Асылжан ОспанұлыҚАЛДАРБЕКОВ дүниеге келді.

КАЛДАРБЕКОВ Асылжан Оспанович
Фото: Түркістан облысының Полиция департаменті

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жарнарық ауылында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолы: 2002-2006 жылдары Алматы қаласы ІІД Әуезов аудандық ІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі, аға тергеушісі, 2006-2011 жылдары Алматы қаласы Ішкі істер департаменті Тергеу басқармасының жол-көлік оқиғасын тергеу бөлімінің аға тергеушісі, аса маңызды істер бойынша аға тергеушісі, 2011-2012 жылдар аралығында Алматы қаласы ІІД Бостандық ауданы ІІБ полиция бөлімшесі бастығының орынбасары, сонымен қатар Алматы қаласы ІІД Бостандық ауданы ІІБ тергеу бөлімінің бастығы; 2012-2013 департамент бастығының орынбасары, сонымен қатар Алматы қаласы ІІД Анықтау департаменті аймақтық бақылау бөлімінің бастығы, 2013-2014 жылдары Алматы қаласы Медеу аудандық ІІБ тергеу басқармасы бастығының орынбасары, 2014-2015 жылдары Тергеу басқармасы бастығының орынбасары, сондай-ақ Астана қаласы Ішкі істер департаменті Статистика және аймақтық бақылау басқармасының бастығы, 2015-2018 жылдары Тергеу басқармасы бастығының орынбасары, сонымен қатар Астана қаласы Ішкі істер департаментінің ұйымдастыру-талдау жұмыстары басқармасының бастығы, 2018-2019 жылдары Астана қалалық полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы, 2019 жылы Астана қаласы ІІД Алматы аудандық полиция басқармасының бастығы.

2019 жылдың желтоқсан айынан бері қазіргі қызметінде.

42 жыл бұрын (1982) «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Жәнібек Жұмаұлы ТАЙЖАНОВ дүниеге келді.

Ақмола облысы, Ерементау ауданында туған. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін экономист мамандығы бойынша бітірген (2003).

Еңбек жолы: ҚТЖ ҰК АҚ жүйесінде әртүрлі лауазымдардар атқарды, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақмола филиалы директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік оқиғаларын тергеу департаментінің директоры, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетінде қызмет атқарды.

2022 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.

38 жыл бұрын (1986) Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Қуанышбекұлы СӘМБЕТОВ дүниеге келді.

Сәмбетов Болат Қуанышбекұлы
Фото: Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

2005 жылы Экономика және құқық колледжін «құқықтану» мамандығы бойынша, 2008 жылы ҚазГЗУ Алматы заң академиясын «заңтану» мамандығы бойынша, 2012 жылы Қазақ инженерлік, қаржы-банк академиясын «экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 2008-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті заңнаманың сақталуын бақылау және талап қою жұмысы бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2012-2014 жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі бақылау және талап қою жұмысы департаментінің бас сарапшысы.2014-2015 жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде заң департаментінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы. 2015 жылы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары. 2015-2020 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы.

2020 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

32 жыл бұрын (1992) қазақ дзюдошысы, 2024 жылғы Олимпиада чемпионы Елдос БақтыбайұлыСМЕТОВ дүниеге келді.

СМЕТОВ Елдос Бахтыбаевич
Фото: olympic.kz

Жамбыл облысы Лугов ауданына қарасты Каменка (қазіргі Жалпақсаз) ауылында туған. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

2011 жылдан бастап «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамы қоғамдық бірлестігінде қызмет етеді. Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасының сапында өнер көрсету кезінде Сметов жастар арасындағы әлем чемпионатында (2010 және 2011) алтын және қола медальдарды жеңіп алды. 2012 жылдан бастап ересектер ұлттық құрамасында ойнайды. 2013 жылы Бангкокта өткен Азия чемпионатында қола, Самсундағы Гран-при кезеңінде және Тбилисиде өткен Еуропа кубогы кезеңінде күміс, Варшавада өткен дзюдодан Еуропаның ашық кубогында алтын жүлдегер атанды. Ол 2015 жылы Астанада өткен жарыстың финалында тағы бір қазақ балуаны Рустам Ибраевты жеңіп, дзюдодан әлем чемпионы атанды. 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Олимпиада ойындарында күміс медаль жеңіп алды. 2018 жылы 17 наурызда Екатеринбургте (Ресей) өткен «Үлкен дулыға» турнирінде жеңіске жетті. 2019 жылдың сәуір айында Түркияның Анталия қаласында өткен Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды. Шілде айында Будапештте (Венгрия) өткен Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды. 2019 жылы Токиода өткен Олимпиада алдындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Токиода өткен жазғы Олимпиада ойындарында 60 келі салмақта қола жүлдегер атанды. Ташкентте өткен дзюдодан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.

2024 жылы Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында Елдос финалдық белдесуде француз спортшысы Лука Мхеидзеден басым түсіп, алтын медальға қол жеткізді.

3-дәрежелі «Парасат» және «Барыс» ордендерімен марапатталған.

82 жыл бұрын (1942-2013) - жазушы, прозаик, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының және М.Әуезов атындағы Ұлттық сыйлықтың лауреаты ДүкенбайДОСЖАН дүниеге келді.

ДОСЖАН Дукенбай
Фото: kazpravda.kz

Қызылорда облысында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.

Еңбек жолы: 1963-1966 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» газеті редакциясында әдеби қызметкері, «Жазушы» баспасының қызметкері.

Шығармашылық жолында ол 11 роман, 24 роман және 100-ден астам повесть жазды. Көркем аудармамен айналысқан, Илья Эренбургтің «Он үш құбыр» повестер циклін, қырғыз ақыны Сүйінбай Ералиевтің өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Ол «Қиын қадам» кітабынан, «Жібек жолы» романынан, Украина баспасы «Үздік тарихи роман үшін» беделді сыйлығын берген Абай мен Мұхтар Әуезовтің өмірбаяндық романдарынан үлкен атаққа ие болды. Оның «Мен өліп жатқанда» шығармасы «Ең көп оқылатын жазушы» сериясында жарық көрді. Д.Досжанның кітаптары әлемнің негізгі тілдеріне аударылып, әр елден 3,7 миллионнан астам адам оқыды. Оның есімі Қазақ энциклопедиясында және АҚШ-тың «Әдебиет пен өнер адамдары» жинағында алтын әріптермен жазылған.

Соңғы жаңалықтар