9 мамыр - мақтанышымыз бен естелігіміздің нышаны - Қарағандыдағы жиын

Митингке Қарағанды облысы мен қаланың басшылығы, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, әскери қызметкерлер қатысты. Жүздеген қалала тұрғыны таңертең, қаза тапқандарды еске алу үшін «Мәңгілік алауға» келді.
Олар Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды бір минуттық үнсіздікпен және атылған артиллериялық салют залпымен еске алды. Қарағандылық гарнизонның әскери қызметкерлері әскери шеру кезінде ардагерлерге құрмет көрсетті.
«Соғыстың аяқталғанына 67 жылдан кейін бізге жеңістің әкелеріміз бен аналарымыздың рух күші мен Отанға деген махаббатының арқасында келгенін тереңірек түсінудеміз. Сіздердің жеңістеріңіз бен құрбандықтарыңызсыз бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның болмайтынын түсінеміз», - деді облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов.
«Біз үшін 9 мамыр - атаулы дата немесе тарихтың бір беті болып қана табылмайды, бұл - мақтанышымыз бен естелігіміздің нышаны. Сол жылдардағы ұрыстарда қаза тапқандар мен тірі қалғандарға, сондай-ақ тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсете отырып, бұл ұлы мерекені әрқашан еске түсіріп, әскери ұрпақтың басынан өткізген дәстүрлерді көбейтетінімізге сендіргім келеді», - деп атап өтті Ә.Құсайынов.
Митингте сөз сөйлеген Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Пастухов жеңістің қандай бағамен жеткені туралы тағы бір баяндап берді. «Әрбір жеңістің маңызы үлкен. Бұл туралы ғасырлар бойы ұмытылмағанын, бұл жеңістің қазіргі жастарға күш бергенін, қазіргі жастардың да біздің ұрпағымыз сияқты бейбітшілік пен еңбекті қорғауға дайын болғанын қалаймын», - деп атап өтті ардагер.
Өкінішке қарай, Ұлы Жеңіс күнінің құрметіне арналған салтанатты шараларға қатысатын майдангерлердің саны жыл сайын азайып барады. Бұл күндерге жеткендердің көбі денсаулық жағдайларына байланысты үйлерінен де шыға алмайды.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметтерінше, Қарағанды облысында қазіргі кезде Ұлы Отан соғысының 740 қатысушысы мен мүгедегі қалған. Бір жылда 169 майдангер, ал Жеңістің мерейтойлық 65 жылдығын мерекелеуден бері - 370-і көз жұмған.
Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің ақпаратынша, Жеңіс күніне қарсы Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне теңестірілген тұлғаларға жалпы сомасы 68 млн. теңгені құрайтын біржолғы материалдық көмек көрсетілді. Соғыстың әрбір ардагері облыстық әкімдікпен өзара ынтымақтастық туралы меморандумына сәйкес аймақтың жүйеқұраушы кәсіпорындарының есебінен 50 мың теңге көлеміндегі материалдық көмек алды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Қарағанды облысынан майданға 47 мың адам жіберілді, олардың жартысынан көбі ерлікпен қаза тапқан. 6587 қарағандылық азамат әскери ордендермен және медальдармен марапатталған. Кеңес Одағының Батыры жоғары атағына 32 қарағандылық ие болды, 9-ы -Даңқ орденінің толық кавалерлері.