9 маусым. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 9 маусым күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

7 қыркүйек. Тұлғалар туған күн
Фото: Kazinform/Midjourney

ЕСІМДЕР

86 жыл бұрын (1939) медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан жүрек-қан тамырлары хирургтары қауымдастығының төрағасы, Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының академигі Сейітхан Жошыбайұлы ЖОШЫБАЕВ дүниеге келді.

Сейітхан Жошыбайұлы ЖОШЫБАЕВ
Фото: jambylinfo.kz

Ол Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы (бұрынғы Луговой ауданы) Ақыртөбе ауылында туған. Қырғыз мемлекеттік медицина институтын, КСРО Медицина ғылымдары академиясының А.Бакулев атындағы Жүрек-қан тамырлары ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген.

1970-1984 жылдары Бішкекте хирург, медициналық институтының жалпы хирургия кафедрасының ассистенті, Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық кардиология орталығының меңгерушісі, 1984-1992 жылдары А.Сызғанов атындағы клиникалық және тәжірибелік хирургия ғылыми-зерттеу институты жүрек-қан тамырлары бөлімінің жетекшісі болды. 2007 жылдан бастап Тараз қаласындағы Кардиохирургия орталығының директоры қызметін атқаруда.

С.Жошыбаев Кардиология жөніндегі көптеген халықаралық ұйымдар мен одақтардың құрметті мүшесі. Ол тәжірибе алмасу мақсатында Моңғолия, Венгрия, Германия, Үндістан, АҚШ, Англия, Канада, Польша, Чехия және тағы басқа елдердің арнайы мамандандырылған клиникаларында болды.

2008 жылы «Парасат», 2014 жылы ІІ дәрежелі «Барыс», 2019 жылы «Достық», 2021 жылы ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен, Қырғызстан мен Қазақстанның бірнеше медальдарымен марапатталған.

49 жыл бұрын (1976) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық жоспарлау бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сардар Серікұлы ҚАБДУЛОВ дүниеге келді.

Сардар Серікұлы ҚАБДУЛОВ
Фото: instagram.com/prokadrykz

Алматы қаласында туған.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолы: мемлекеттік қызмет жүйесіндегі басшы лауазымын атқарды; Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы; Азық-түлік корпорациясы төрағасының орынбасары; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

2025 жылдың сәуірінен бастап қазіргі қызметінде.

45 жыл бұрын (1980) Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Ерғалиұлы ӘБДІРАХЫМ дүниеге келді.

Нұрлан Ерғалиұлы ӘБДІРАХЫМ
Фото: Gov.kz

Жамбыл қаласында туған. «Қайнар» университетін «заңгер» мамандығы бойынша, Иель менеджмент мектебін бітірді.

Еңбек жолы: 2001-2002 жылдары «Астанаэнергосервис» ААҚ бақылаушысы, 2002-2007 жылдары ҚР Әділет министрлігінде жетекші, бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, бастығы, заңнама департаменті директорының орынбасары, 2007 жылы ҚР Әділет министрлігі нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің директоры, 2007-2009 жылдары ҚР Әділет министрлігінің шағын заң актілері департаментінің директоры, 2009-2012 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы, 2012-2021 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, 2021-2023 жылдары ҚР Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарған.

Қазіргі қызметін 2023 жылдың сәуір айынан атқарып келеді.

38 жыл бұрын (1987) Маңғыстау облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Сәбит Қадрұлы ДҮЙСЕКЕНОВ дүниеге келді.

 Сәбит Қадрұлы ДҮЙСЕКЕНОВ
Фото: aqtobegazeti.kz

Батыс Қазақстан облысы,Орал қаласында дүниеге келген. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін (2012); М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін (2014); М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген (2016).

Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотозоопром» РМК Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағының күзет қызметінің бастығы (2012-2014); Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» РМК Батыс өңірлік филиалының директоры (2014-2017); Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром ПО» РМК Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағының күзет қызметінің бастығы, Қазақстан Республикасы Министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ПҰ» РМК Орал аудандық филиалының басшысы, Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар министрлігі және Ге17; Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» РМК Ақтөбе облыстық филиалының басшысы (2017-2023); Ақтөбе облысы Қобды ауданы әкімінің орынбасары (2023); «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы (2023-2024); Ақтөбе облысы Қобды ауданы әкімінің орынбасары (2024-2025).

2025 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.

76 жыл бұрын (1939-2024) кеңестік және қазақ қобызшысы, аспапшы, музыка мұғалімі, профессор Меруерт Қабекенқызы КАЛЕНБАЕВА дүниеге келген.

Меруерт Қабекенқызы КАЛЕНБАЕВА
Фото: facebook.com/qobyz.kz

Батыс Қазақстан облысы, Урда ауданында дүниеге келген.

К.Байсейітова атындағы республикалық дарынды балаларға арналған музыка мектебін бітірген (1956); Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факультетін оркестр әртісі, концерттік орындаушы мамандығы бойынша бітірген (1961).

Еңбек жолы: Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің әртісі (1961); бас қобызшы, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеушісі (1961-1979); Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық музыкалық орта мектептің мұғалімі (1989-2009); Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының қобыз және баян кафедрасының оқытушысы, доценті, профессоры (1979).

Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі (1977). Мәдениет саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стипендиясының лауреаты (2017).

Соңғы жаңалықтар