22:00, 03 Қаңтар 2023 | GMT +5
9 облыстың көптеген учаскесінде жолдар жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Соңғы жаңартылған мәлімет бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 9 өңірдегі республикалық маңызды жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап хабарлайды

«Ақмол, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Түркістан облыстарында ауа райының күрт нашарлауына байланысты 40 учаскесінде жолдар жабылды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Абай облысында да облыстық және республикалық маңызы бар қозғалыс жолдары жабық.Бүгін түскі уақыттағы мәлімет бойынша, қалың қар мен желдің күшеюіне байланысты Астана қаласында, Ақмола, Алматы, Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай және Түркістан облыстарында республикалық маңызы бар жолдарда қозғалысқа тыйым салынған еді.
Сонымен қатар Қазгидромет 4 қаңтар күні 18 өңірде ескерту жариялады.