9 сәуір. Тұлғалар туған күн
ЕСІМДЕР

Шымкент облысы (қазіргі Түркістан облысы) Киров ауданының Абай ауылында туған. 1975-1977 жылдар аралығында Киров ауданының шарап зауытында жұмысшы болып еңбек еткен.
1977 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетіне 1-курсқа қабылданып, 1978 жылдан Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетінде оқуын жалғастырды.
Аталған университетті 1982 жылы үздік аяқтағаннан кейін Алматы қаласының Калинин аудандық прокуратурасында прокурордың көмекшісі, аға тергеуші болып қызмет атқарды.
1986 жылдан бастап Қазақ КСР прокуратурасында тергеу басқармасының прокуроры, аса қауіпті қылмыстарды тергеу бөлімі бастығының орынбасары, кейіннен Қазақ көлік прокуратурасының тергеу, анықтауды қадағалау бөлімінің бастығы, Совет ауданының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.
1996 жылдың наурызы мен 2002 жылдың ақпан айы аралығында Солтүстік Қазақстан облысы, Алматы қаласы және Қарағанды облысының прокуроры қызметін атқарды.
2002 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасының ішкі істер вице-министрі болып тағайындалды.
2004 жылдың мамырынан 2005 жылдың маусымына дейін Астана қаласының прокуроры лауазымында болған. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (2005-2009); Қазақстан Республикасының Бас әскери прокуроры (2009-2018).
2018-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры.
І, ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған. Сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін», «Астананың 10 жылдығы», «КСРО Қарулы күштеріне 90 жыл» мерейтойлық медальдарымен, II дәрежелі «Қайсар» төсбелгісімен марапатталған.

Куйбышев қаласында (РФ) туған. Білімі жоғары, 1989 жылы И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін, 2006 жылы Қырғыз мемлекеттік заң академиясын бітірді.
Еңбек жолы: 1985 жылдың тамыз айынан бастап И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінің курсанты; 1989 жылдың тамыз айынан бастап Мәскеу әскери округі 2-ші гвардиялық мотоатқыштар дивизиясының 73-ші гвардиялық мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі; 1990 жылдың маусым айынан бастап Мәскеу әскери округі 2-ші гвардиялық мотоатқыштар дивизиясының 1-ші гвардиялық мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі; 1992 жылдың шілде айынан бастап Украинаның Сумск облысы Азаматтық қорғау 390-курстарының оқытушысы; 1993 жылдың шілде айынан бастап Украинаның Сумск облысы Азаматтық қорғау 390-курстары бастығының орынбасары; 1996 жылдың тамыз айынан бастап Алматы қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы оқыту даярлау орталығының аға офицері; 1998 жылдың маусым айынан бастап Алматы қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бөлім бастығы; 1999 жылдың маусым айынан бастап Алматы қалалық Төтенше жағдайлар басқарма бастығының орынбасары; 2005 жылдың наурыз айынан бастап Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары; 2011 жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы қалалық Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және оларды жоюды ұйымдастыру басқарма бастығының міндетін атқарушы; 2012 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы қалалық Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және оларды жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы; 2013 жылдың наурыз айынан бастап Алматы қаласы әкімінің орынбасары; 2015 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы; ҚР ішкі істер министрінің орынбасары (2016-2020).
2020 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі қызметінде.
«Құрмет» орденімен (2013 жылы), 8 мерейтой медалімен марапатталған.

1993 жылы Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Заңгер. Заң ғылымдарының кандидаты.
1993-1996 жылдары Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті азаматтық құқық кафедрасының оқытушысы, 1996-1998 жылдары Л. Гумилев атындағы Еуразия университеті азаматтық құқық және еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі, 2001-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппараты құқықтық сараптама бөлімінің консультанты, заңдар және құқықтық реформа комитеті хатшылығының, сараптама бөлімінің, ақпараттық-талдау бөлімінің, экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетімен өзара байланыс жасау бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істеген.
«Құрмет» орденімен (2020), алты медальмен, соның ішінде «Ерен еңбегі үшін» медалімен, ТМД ПАА кеңесінің Құрмет грамотасымен, «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісімен марапатталған.

Атырау қаласында туған. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының есеп пен экономикалық кибернетика факультетін «экономист» мамандығы бойынша, 1998 жылы Мұнай және газ өндірісі білім орталығын «Жер қойнауын пайдалануға келісімшарттарды бағалау» және «Мұнай өндіру экономикасы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек өтілі: Alem Bank Kazakhstan – экономист, бас экономист (1994-1995); (1995-1997); Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкi бөлім бастығы, департамент директоры (1997-2001); «Қазақойл» ҰМГК» ЖАҚ аға сарапшы, менеджер, бас менеджер, департамент директорының орынбасары; (2001-2003); Commonwealth and British Services Ltd. бизнес-талдаушы, менеджер, қаржы директоры (2003-2006); «Қазмұнайгаз» ҰМК» ЖАҚ ҚБ үлестерін басқару жөніндегі атқарушы директор, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі (2006-2008); «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның электр энергетика және мұнай-газ активтері мәселелері жөніндегі басқарушы директоры (2009-2010); «PSA» ЖШС бас директоры (07.2010-10.2011); «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компания» АҚ президенті (10.2011-12.2011); Мұнай және газ вице-министрі (2012-2014); «Almex Petrochemical» ЖШС бас директоры (2014-2016); «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры (2016-2017). Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі (2017-2019).2021-2022 жылдары ) «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры. Қазақстан Республикасының энергетика министрі (2022-2023).
2023 жылдың сәуірінен бастап қазіргі қызметінде.

Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын, С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетін (Құқықтану, физика және есептеу техникасы) бітірген.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Павлодар облысы бойынша Құқықтық статистика және ақпарат орталығының статистика қалыптастыру бөлімінің прокуроры (1998);
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Павлодар облысы бойынша Құқықтық статистика және ақпарат орталығының автоматтандырылған жүйелерді сүйемелдеу, техникалық қамтамасыз ету және қызмет көрсету бөлімінің бас маманы (1999-2001);
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасының бағдарламалық және автоматтандыруды қамтамасыз ету тобының прокуроры, аға прокуроры (2001-2005);
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Ақпараттық-талдау департаментінің бөлім бастығы (2005);
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасының бағдарламалық және автоматтандыруды қамтамасыз ету бөлімінің прокуроры (2006);
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің талдау жұмысы және құқықтық реттеу басқармасының ақпараттық технологиялар бөлімінің аға прокуроры (2006-2009);
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің талдау жұмысы және құқықтық реттеу басқармасының ақпараттандыру бөлімінің бастығы (2009-2010);
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің талдау жұмысы және құқықтық реттеу басқармасының ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің бастығы (2010-2015);
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық-талдау жұмысы басқармасының бастығы (2015-2019);
Ақпараттандыру және цифрлық даму басқармасының бастығы (2019-2021);
Қазіргі қызметін 2021 жылғы 31 мамырдан бастап атқарып келеді.

Қарағанды облысында туған. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған, мамандығы – құқықтану және қаржы.
Еңбек жолы: Қарулы күштерде жедел қызметтен өткеннен кейін, 2002 жылдан бастап есептік-тіркеу тәртіп бас маманынан ауданның бас әскери прокурорының көмекшісі, әскери прокурор және бас әскери прокуратура басқармасының бас әскери прокуроры қызметтерін атқарып, Оңтүстік аймақтық әскери прокурорының орынбасарына дейін көтерілген.
2018 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.

Ақмола қаласында туған. 2011 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2009-2012 жылдары – Мүгедек-спортшылар арасында жүзуден ҚР чемпионаттарының жүлдегері және чемпионы, 2010 жылы – Гуанчжоу (Қытай) Азия паралимпиада ойындарының қатысушысы, 2014 жылы – жүзуден Азия паралимпиада ойындарының бес дүркін чемпионы.
2012 жылы Ұлыбританиядағы ашық чемпионатта күміс, екі қола медаль иеленген.
2015 жылы «Дене шынықтыру, спорт және туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін» құрмет белгісімен марапатталған.