9 шілде. Тұлғалар туған күн
АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін, 9 шілде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР
61 жыл бұрын (1964) ТМД Бас хатшысының орынбасары Нұрлан Мұсатайұлы СЕЙТІМОВ дүниеге келді.
Алматы облысында туған. ҚазМУ заң факультетін, Ресей Федерациясының СІМ Дипломатиялық академиясының «Халықаралық қатынастар» факультетін бітірген. СССР Қарулы күштерінің қатарында қызмет етіп, қоғамдық және коммерциялық ұйымдарда жұмыс атқарған. ҚР СІМ жүйесінде 1994 жылдан бастап жұмыс істейді. ҚР СІМ Дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс департаментінде маман (1994-1996), ҚР ГФР Елшілігінің бөлімшесінде үшінші хатшы, ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің екінші хатшысы, бөлім бастығы (1997-2000), ҚР Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығының консулы, ҚР Ганновер қаласындағы консулдығының консулы (2000-2004). 2004-2007 жылдары — ҚР СІМ ТМД департаментінің бөлім бастығы, басқарма бастығы, Департамент директорының орынбасары. 2007-2010 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының бас инспекторы, меңгерушінің орынбасары. 2010-2013 жылдары — ҚР Ресейдегі Елшілігінің кеңесші-уәкілі. 2013-2016 жылдары — ҚР Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулы. 2016-2019 жылдары — Қазақстанның Тәжікстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2019 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы қызметін атқарды.
2024 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
49 жыл бұрын (1976) «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ басқарма төрағасы Айдын Жеңісұлы ҚҰЛСЕЙІТОВ дүниеге келді.
Өскемен қаласында туған. 1997 жылы Батыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін, 2004 жылы Қазақтан Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын аяқтаған. Техника ғылымдарының кандидаты. 1996-2000 жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.
2000-2003 жылдары Өскемен қаласының Индустрия, сауда және шағын бизнес басқармасының Индустрия және экология бөлімінің бас маманы, бастығы.
2003-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының тыңдаушысы. 2004-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Тұтыну тауарлар бөлімінің бастығы, Өнеркәсіптің тау-кен және өңдеу салалары басқармасының, Индустриалдық саясат департаментінің директоры, Хатшылық — Стратегиялық жоспарлау және жинақы талдау департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және салааралық үйлестіру департаментінің директоры. 2008-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2009-2014 жылдары — «Ұлттық инновациялық қор» АҚ басқарма төрағасы (қайта ұйымдастырудан кейін «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік»). 2014-2017 жылдары «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ның басқарма төрағасы. 2017-2019 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі.
2025 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.
44 жыл бұрын (1981) Қазақстан Республикасы Президентінің экономика мәселелері жөніндегі көмекшісі Қанат Бисімбайұлы ШАРЛАПАЕВ дүниеге келді.
Ресей Федерациясында туған. Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін, Крэнфилд менеджмент мектебін (Ұлыбритания) экономика, қаржы және менеджмент магистрі дәрежесімен бітірген.
Еңбек жолы: Ресей Федерациясының Петрокоммерция банкінде клиенттермен байланыс жөніндегі менеджер (2003); Лондондағы (Ұлыбритания), Прагада (Чехия) City Investment Bank қаржы бөлімінің маманы (2006-2008); «City Investment Bank» (Ұлыбритания) акциялар нарығымен жұмыс жөніндегі аймақтық бөлімшесінің аға талдаушысы, вице-президентінің көмекшісі, вице-президенті (2008-2014); Ұлыбританияның қалалық инвестициялық банкінің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка үшін стратегиялық жоспарлау және талдау жөніндегі аймақтық тобының вице-президенті (2014-2015); Citibank Kazakhstan бас қаржы директоры, Басқарма төрағасының орынбасары, аға вице-президенті (2015-2017); Ресей, Украина және Қазақстан бойынша қаржы директоры, Ресей Федерациясының Ситибанкінің аға вице-президенті (2017-2020). Citi инвестициялық банкінің (БАӘ) Африканың, Таяу Шығыстың және Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі аймақтық директоры (2020); «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы (2022); Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрі (2023-2025).
2025 жылдың ақпан айынан бері қазіргі қызметінде.