9 тамыз. Тұлғалар туған күн

календарь күнтізбе
Фото: Kazinform/ Midjourney

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 9 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

62 жыл бұрын (1962) Грузия экономика және тұрақты даму вице-премьер-министрінің кеңесшісі Жақып Нәсіпқалиұлы МАРАБАЕВ дүниеге келді.

Атырау қаласында туған. 1984 жылы И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша және 2002 жылы Мәскеу мемлекеттік басқару университетін тәмамдаған. Еңбек жолы: 1984 жылдан «Комсомольскнефть» МГӨБ мұнай және газ өндіру жөніндегі шебері, аға операторы. 1986 жылдан «Комсомольскнефть» МГӨБ мұнай өндіру технологиясы және техникасы ҒЗЗ бастығы, ОИТҚ ауысым бастығы, ҰКЖ және ҰЖЖ жөніндегі цех бастығының орынбасары, техникалық бөлім бастығы. 1990 жылдан Алматыдағы «Отан» бірлестігінің «Сфинкс» республикалық концернінің коммерциялық қызметінің директоры. 1991 жылдан ҚР Сыртқы экономикалық байланыс министрлігінің бас технологы, бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы. 1993 жылдан ҚР Энергетика және отын ресурстары министрлігінің теңіз жұмыстары басқармасының бастығы; «ҚазақстанКаспийШельф» ААҚ вице-президенті. 1995 жылдан Каспий теңізін зерттеу жөніндегі «КазахстанКаспийШельф» халықаралық консорциумы операторының бас директоры, «Мұнайгаз» мемлекеттік холдингтік компаниясының коммерциялық директоры. 1997 жылдан «Қазақойл» ҰМК вице-президенті, инвестициялар және жаңа жобалар жөніндегі директоры, газ жобалары жөніндегі вице-президенті. 1999 жылдан «Қазақстан Халық Банкі» ЖАҚ басқарма төрағасының орынбасары, «ҚазТрансОйл» ЖАҚ өндіріс жөніндегі вице-президенті, «Қазақойл» ҰМК газ жобалары жөніндегі вице-президенті. 2001 жылдан «Мұнай және газ тасымалдау» ұлттық компаниясы» ЖАҚ бас директорының орынбасары. 2002 жылдан «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ инвестициялық жобалар және бірлескен кәсіпорындардағы үлестерді басқару жөніндегі басқарушы директоры. 2004 жылдан «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры. 2006 жылдан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ техникалық даму жөніндегі басқарушы директоры. 2007 жылдан «КаzЕпегgu» Қауымдастығы үйлестіру кеңесінің төрағасы. 2008-2019 жылдары – «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» компаниясының басқарушы директорының орынбасары. 2019-2022 жылдары – «Қазмұнайгаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.

«Құрмет», Еуропалық Бизнес-қауымдастығының Королева Виктория ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.

52 жыл бұрын (1972) «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Темірхан Қайырбекұлы ӘБДІРОВ дүниеге келді.

О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Пайдалы қазбалар кен орындарын жерасты өндіру» мамандығы бойынша бітірген (1997), Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Газ және мұнай құбырларын жобалау, салу және пайдалану» мамандығы бойынша бітірген (2002).

Еңбек жолы: «Қазмеханомонтаж» Жезқазған монтаж басқармасының технологиялық жабдықтарын монтаждаушысы (1992), технологиялық жабдықтарды жөндеу жөніндегі слесарь, Жезқазған АВП бригадирі, Барсеңгір сорғы станциясының бастығы, БПО бастығы, «ҚазТрансОйл» АҚ Жезқазған мұнай құбыры басқармасының бас инженері (1996-2006), бас инженер - Батыс филиалы директорының бірінші орынбасары, «ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының бас инженері болды (2006-2008). «Батуми мұнай терминалы» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, бас директоры (2008-2013), «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс және Шығыс филиалдарының күрделі құрылыс және күрделі жөндеу жөніндегі директорының орынбасары (2013-2015), «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс департаменті бөлім бастығы, бас инженер-директордың бірінші орынбасары (2015-2018), Жезқазған мұнай құбыры басқармасының бастығы, «ҚазТрансОйл» АҚ Қарағанды ​​мұнай құбыры басқармасының бастығы қызметін атқарды. «Батуми мұнай терминалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (2018-2019), «ҚазТрансОйл» АҚ Операторларға қызмет көрсету департаментінің директоры (2019-2022), «ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасының бастығы (2022-2023) қызметін атқарды.

2023 жылдың наурыз айынан бері қазіргі қызметінде.

44 жыл бұрын (1980) «Досжан темір жолы» АҚ басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары - Шығыс Қазақстан филиалының директоры Нұрлан Серікжанұлы ӘДІЛБАЕВ дүниеге келді.

Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Темір жолдағы тасымалдауды ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалының Семей көлік бөлімінің терминал станциясында тасымалдау құжаттарын өңдеу операторы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы Семей көлік бөлімінің Дегелең станциясында кезекші, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы Семей көлік бөлімі Дегелең стансасы бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Семей жол филиалы өндірістік-техникалық бөлімі бастығының орынбасары, Семей көлік бөлімі Дегелең стансасы бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары (2008), «Досжан темір жолы» АҚ (ДТЖ) пайдалану дирекциясының техникалық бөлімінің менеджері (2008); «Досжан темір жолы» АҚ (ДТЖ) Тасымалдау үдерісі басқармасының тасымалдауды ұйымдастыру бөлімінің бастығы (2009-2015), «Досжан темір жолы ДТЖ» АҚ пайдалану дирекциясы директорының орынбасары (2015-2017), «Досжан темір жолы» (ДТЖ) АҚ пайдалану және жылжымалы құрам департаментінің директоры қызметін атқарды.

2019 жылдан бері қазіргі қызметінде.

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum