9 желтоқсан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 9 желтоқсанға арналған күнтізбесін ұсынады.
None
None

9 желтоқсан СЕЙСЕНБІ

Халықаралық жемқорлықпен күрес күні. Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен атап өтіледі. 2003 жылы дәл осы күні Мексиканың Мерида қаласында өткен жоғары деңгейдегі саяси конференцияда 2003 жылы қарашаның 1-інде Бас Ассамблея қабылдаған Коррупцияға қарсы БҰҰ-ның Конвенциясы қол қою үшін ашылды. Құжат оған қол қойған мемлекеттерге пара, бюджеттік қаражат пен жемқорлық табыстарды кәдеге жарату қылмыс деп жариялауды міндеттейді. Конвенция барлық құрылымдары ұлттық әл-ауқатқа зиян келтіретін жемқорлық жайлаған елдер үшін өте маңызды.

Танзанияның Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні. Танзания Федерациясы 1964 жылы Занзибар мен Танганьика мемлекеттерінен құрылды. Танганьика тәуелсіздігін 1961 жылы желтоқсанның 9-ында, ал, Занзибар 1963 жылғы желтоқсанның 10-ында алған болатын. 1965 жылғы қаңтардың 12-інде екі ел бірігіп, Біріккен Танзания Республикасын құрды. Танзанияның уақытша конституциясында (1965 жылы қабылданған) екі елдің толық теңдігі қарастырылған. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

66 жыл бұрын (1948) Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы геноцид қылмысының алдын алу және ол үшін жауапқа тарту туралы 1951 жылғы қаңтардың 12-інде күшіне енген халықаралық конвенцияға қол қойды.

37 жыл бұрын (1977) Қазақстан КП ОК және Казақ КСР қаулысына және «Алматыда Қазақ КСР ДМ Қазақ кардиологиялық ғылыми-зерттеу институтын ұйымдастыру туралы» Қаз КСР ДМ 1977 жылғы 9 желтоқсандағы № 832 бұйрығына сәйкес Қазақ ғылыми зерттеу институты құрылды.

23 жыл бұрын (1991) Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің қаулысымен Қазақстанның А.Пушкин атындағы мемлекеттік кітапханасы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы болып өзгертілді. 18 жыл бұрын (1996) Елбасы Жарлығымен Желтоқсан көтерілісіне қатысып, құрбан болған боздақ Қайрат Рысқұлбековке жоғары ерекшелік белгі - «Халық Қаһарманы» атағы берілді. 17 жыл бұрын (1997) Тегранда ислам әлемінің экологиялық апаттардан зардап шеккен аймақтарына: Арал теңізінің бассейні мен Семей ядролық полигон аймағына көмек көрсету туралы Қарар қабылданды. 6 жыл бұрын (2008) Оралда генерал-майор Асылбек Жаманбаевтың тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды. Асылбек Жаманбаев (1946-2007) М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген, еліміздің ішкі істер органдарында көп жылдан бері жұмыс істеді. Атырау, Жезқазған облыстарының ІІБ әр жылдары басқарды. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтің Жарлығымен оған генерал-майор атағы берілді. Соңғы жылдары А.Жаманбаев қалалық маслихаттың депутаты және Оралдағы еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының профессоры болды. 6 жыл бұрын (2008) Қарағандыда ұлы ғалым және ойшыл Абайға арналған ескерткіш ашылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев қатысты. Ескерткіш авторы - мүсінші Асқар Нартов. Биіктігі бес метрлік мүсін Қарағанды облысының көркемдік-өндірістік комбинатында құйылған. 5 жыл бұрын (2009) Алматыда белгілі кинооператор, халық әртісі, кинематографистер одағының мүшесі Ескендір Тынышбаевтың 100 жылдығына арналған пошталық маркасы шығарылды. Ескендір Тынышбаев (1909-1995) - қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби кинооператор. Оның операторлығымен «Дала қызы», «Оның заманы келеді», «Бізді таны», «Біз Жетісуданбыз» сынды ондаған көркем, жүздеген деректі, ғылыми-танымдық фильмдер түсіріліп, Қазақстан киносының «алтын қорына» енгізілген. Пошта маркасында Е.Тынышбаевтың кинокамерамен түскен суреті бейнеленген. Суретшісі - Данияр Мұхамеджанов. 5 жыл бұрын (2009) Алматыда «Мой бизнес. Казахстан» журналының алғашқы саны жарыққа шықты. Құрылтайшысы «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен «Delta press publishing house» ЖШС-і болып табылады. Басылымның мақсаты шағын және орта бизнес өкілдеріне ақпараттық қолдау көрсету болып табылады.

4 жыл бұрын (2010) Кеден одағы Жоғары органының отырысында Қазақстан Президенті - Нұрсұлтан Назарбаев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Ресей Президенті - Дмитрий Медведев Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Бірыңғай экономикалық кеңістігін қалыптастыру туралы декларацияға қол қойды.

4 жыл бұрын (2010) Мәскеуде Үлкен Кремль сарайында кеңейтілген құрамда мемлекеттер басшылары деңгейінде Еуразиялық экономикалық кеңістіктің Мемлекетаралық кеңесінің отырысы өтті, соның барысында Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан президенттері "Кеден одағы шеңберіндегі даулар бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына жүгінуі және олар бойынша сот ісін жүргізу ерекшеліктері туралы шартқа қол қойды.

4 жыл бұрын (2010) Нью-Делиде Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 8-ші отырысының шеңберінде қазақстандық-үндістандық бизнес-форум өтті.

4 жыл бұрын (2010) Алматыда «Орталық Азиядағы логистикалық орталықтар/тораптардың халықаралық желісі» жобасын іске асыру нәтижесі бойынша қорытынды конференция өтті. Жобаның негізгі мақсаты - қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстанды қоса алғанда, әр бенефициар елде логистикалық орталықтар үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу.

4 жыл бұрын (2010) Петропавлда саябақ пен халықтың суырып салма ақыны Үкілі Ыбырай ескерткішінің салтанатты ашылуы өтті.

Үкілі Ыбырай арабша сауатты болған, әнге, өлеңге құмар, ол қазақтың атақты әнші-ақындарынан (Шөже, Біржан, Ақан сері т.б.) үлгі-өнеге алып, олардың творчестволық дәстүрін бойына сіңірді. Үкілі Ыбырайдың "Гәкку"( 4 түрі), "Шалқыма", "Көкше", "Желдірме" т. б. 40-қа жуық әндері бар. Оның әндері махаббат сезіміне, мелодиялық көркем сазға толы, терең ойлы болып келеді. Ел арасына кең тараған "Гәкку" әні Үкілі Ыбырай творчествосының шыңы болып табылады. Бұл әнді Е. Брусиловский "Қыз Жібек" операсында (Жібектің негізгі ариясы ), ал "Арарай" әнін "Ер Тарғында"(Ақжүністің ариясы) пайдаланды. Ү. Ыбырай поэзиясы, тақырыбы жағынан сан-алуан болып, бір саласы жастық дәуренді жырға қосады. "Бір қызық ит жүгіртіп аң ауласа" өлеңі аңшылық, саятшылықты бейнелейді.

3 жыл бұрын (2011) Мемлекет басшысы Н. Назарбаев телекөпір барысында «Тараз-Шымкент» учаскесінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің қозғалысын іске қосты.

3 жы л бұрын (2011) Астанада ТМД, ЕурАзЭО және Кеден одағына мүше мемлекеттердің кедендік қызметтерінің басшылары кеңесінің отырысы өтті. 3 жыл бұрын (2011) Дубайда біздің елдің тәуелсіздігінің 20-жыдығына арналған «Бүгінгі Қазақстан» атты араб тіліндегі суретті кітабы жарыққа шықты.

2 жыл бұрын (2012) Қарағандыда «Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі және Қазақстанның тәуелсіздігі» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Шараға «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының тарихы мен мәнін зерттейтін қазақстанның және таяу шетелдердің ғалымдары жиналды.

Бір жыл бұрын (2013) ҚР Президенті Н. Назарбаев отбасы мен некенің адамгершілік құндылықтарын, оң әсерін насихаттау, отбасының қоғамдағы міәртебесін арттыру мақсатында жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауын өткізу туралы өкімге қол қойды.

Бір жыл бұрын (2013) WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы орташа салмақтағы Геннадий Головкин бокс жайлы жазатын Америкалық журналистер қауымдастығы (BWAA) нұсқасы бойынша «2013 жылғы боксшы» атағына үміткерлердің қатарына кірді.

130 бұрын (1884) Чикагодан ) Левант Ричардсон роликтік конькиді патенттеді. 66 жыл бұрын (1948) БҰҰ Бас Ассамблеясы 1951 жылы 12 қаңтарда күшіне енген геноцид қылмысының алдын алу және сол үшін жазалау туралы халықаралық конфенция қабылдады.

46 жыл бұрын (1968) Стэнфордский зерттеу институтынан америкалық өнертанушы Дуглас Энгельбарт әлемдегі алғашқы компьютерлік тінтуішті ұсынды.

24 жыл бұрын (1990) президент сайлауында Польшаның алғашқы сайланған тікелей президенті Лех Валенс жеңіске жетті.

ЕСІМДЕР

105 жыл бұрын (1909-1983) ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері НҮСІПБЕКОВ Ақай дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Алматы облысы Кеген ауданында туған. Алматы ауыл шаруашылығы техникумын, Мәскеудегі Шығыс еңбекшілері коммунистік университетін бітірген. Алматы ауыл шаруашылығы техникумының оқытушысы, директоры, Қазақстан Компартиясы Алматы облыстық комитетінің сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1937-1941 жылдары - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мәдени-ағарту бөлімінің меңгерушісі, Семейдегі басшы ұжымшар кадрларын даярлайтын республикалық оқу орнының директоры. 1946-1983 жылдары - Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнография институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, этнография бөлімінің меңгерушісі, директоры. Төңкеріске дейінгі және кеңестік Қазақстан тарихына байланысты 200-ге жуық ғылыми еңбектердің авторы. Бес томдық «Қазақ КСР тарихының» негізгі авторларының бірі. Қазақстан Ғылым Академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері. Ленин, 1- және 2-дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған. Алматыда тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылып, бір көшеге есімі берілген.

9 4 жыл бұрын (1920) Итальян республикасының оныншы президенті Карло Адзелио ЧАМПИ дүниеге келді.

8 8 жыл бұрын (1926-1999) американ физигі, Ұлттық Ғылым академиясының мүшесі КЕНДАЛЛ Генри Уэй дүниеге келді.

86 жыл бұрын (1928-1997) тарих ғылымының докторы, профессор КЕРІМБЕКОВ Орынбек дүниеге келді. Жамбыл облысының Жамбыл ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің философия факультетін, Ленинград университетінің аспирантурасын бітірген. 1955-1961 жылдары Жамбыл қалалық, облыстық партия комитеттерінде қызмет істеген. 1963-1967 жылдары - Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиясы институтының кафедра меңгерушісі. 1967-1971 жылдары - Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты партия комитетінің хатшысы, кафедра меңгерушісі. 1971-1981 жылдары - Қазақ политехникалық институты Қаратау қаласындағы филиалының кафедра меңгерушісі. 1981-1997 жылдары Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиясы институтының (қазіргі М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті) доценті, профессоры болған. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері философия және саясаттану мәселелеріне арналған. Медальдармен және Құрмет грамоталарымен марапатталған.

80 жыл бұрын (1934-2007) ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор ДӘУЛЕТҚАЛИЕВА Кира Мұташқызы дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Ташкенттегі Орта Азиялық политехникалық институтын бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының Геология ғылымдары институтының лаборанты, аға лаборанты, кіші, аға ғылыми қызметкері, гидрохимия зертханасының меңгерушісі, бас ғылыми қызметкері, Қазақ мемлекеттік университетінің (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) профессоры қызметтерін атқарған. Ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыты - Қазақстан жер асты суларының химиялық құрамы. Жер асты сулары химиялық құрамының қалыптасу ерекшеліктері, гидросфераның табиғи суларының химиялық құрамы қалыптасуының генетикалық заңдылықтарын кентастық кен орындарын іздеу және экологиялық мақсаттарда зерттеген.

76 жыл бұрын (1938) заң ғылымының кандидаты, профессор, Халықаралық ақпараттану академиясының академигі БЕЙСЕБАЕВ Кеңес Мәсімханұлы дүниеге келді. Алматы қаласында туған. РКФСР Қоғамдық тәртіпті қорғау министрлігі Жоғары мектебінің Алматы бөлімшесін, Қазақ тау-кен металлургия институтын бітірген. 1971-1985 жылдары КСРО Ішкі істер министрлігі Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының адъюнкты, кіші және аға ғылыми қызметкері, бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы қызметтерін атқарған. 1985-1993 жылдары - КСРО Ішкі істер министрлігі Қарағанды Жоғары мектебінің аға оқытушысы, мектеп бастығының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, Қарағанды Жоғары мектебінің кафедра бастығы, факультет бастығы. 1993-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай заң колледжінің бастығы. 1996-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақтөбе заң колледжінің бастығы, Қазақ гуманитарлық заң академиясы Батыс Қазақстан заң институтының директоры қызметін атқарды. «Қызыл Ту» орденімен, медальдармен марапатталған.

6 4 жыл бұрын (1953) американдық актер, продюсер және режиссер Джон МАЛКОВИЧ дүниеге келді.

60 жыл бұрын (1954) Қостанай облысы Алтынсарин ауданының әкімі АХМЕТОВ Батырбек Мықансалықұлы дүниеге келді.

Қостанай облысы Жанкелді ауданында Саға селосында туған. 1991 жылы Б.М.Ахметов Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтын және 2008 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін ғылыми агроном және экономика бакалавры мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын 1971 жылдан Алматы қаласының №6 автобазасында автодәнекерлеуші болып бастады. 1973 жылдан 1975 жыл аралығында Кеңес армиясының қатарында болды. 1975 жылдан 1991 жылдары Жанкелді аудандық ішкі істер бөлімінде МПИ инспекторы, Арқалық қаласының ішкі істер бөлімінің ӨҰБ техникалық қызметі бөлімінің бастығы. Машина алаңының меңгерушісі, машина-трактор шеберханасының меңгерушісі, бас инженер, Қостанай облысы Жанкелді ауданының «Бидайық» кеңшарының егіншілік бригадиры. 1991 жылдын 1997 жылдар аралығында Қостанай облысы Жанкелді ауданының Дулатов атындағы шағын кәсіпорын шаруа қожалығының төрағасы. 1999 жылдан 2000 жылы аралығында Қостанай облысы Алтынсарин ауданында «Алтынсариский» ӨК конкурстық басқарушысы болып жұмыс істеді. 2000 жылы Қостанай облысы Қостанай ауданы «Қостанай ауыл шаруашылық химизация станциясының жобалық зерттеуші» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның директоры болып жұмыс атқарды. 2000 жылдың 2002 жылдар аралығында Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2002 -2004 жылдары Қостанай облысы Алтынсарин ауданының ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы лауазымын атқарды. 2004-2009 жж Қостанай облысы Жанкелді ауданының әкімі болып жұмыс атқарды. 2009-2010 жж «Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы болды. 2010 жылдың қыркүйегінде Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімі болып тағайындалды

58 жыл бұрын (1956) ҚР Қорғаныс министрі ТАСМАҒАМБЕТОВ Иманғали Нұрғалиұлы дүниеге келді.

Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында дүниеге келген. А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының жаратылыстану-география факультетін бітірген (1979), география және биология пәндерінің мұғалімі. 1981-1991 жылдар аралығында КОКП мүшесі. Қазақстан Компартиясы ОК Саяси бюросының мүшесі (1990-1991). ҚР Жоғарғы Кеңесі 12-ші шақырылымының депутаты (ЛКЖО). 1973-1974 жылдары - Гурьев облысы Махамбет ауылындағы балалар-жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде жаттықтырушы. 1979 жылдан - Гурьев облысы Махамбет ауылындағы орта мектепте география және биология пәндерінің мұғалімі. 1979 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Махамбет аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, комсомол жұмысы кабинетінің меңгерушісі, Гурьев облыстық комитетінің комсомол ұйымдары бөлімінің меңгерушісі. 1983 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Гурьев қалалық комитетінің бірінші хатшысы. 1985 жылдан - Қазақстан Компартиясы Гурьев қалалық комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі. 1986 жылдан - ЛКЖО Гурьев облыстық комитетінің бірінші хатшысы. 1988 жылдан - Қазақстан ЛКЖО ОК жұмысшы жастар және әлеуметтік-экономикалық проблемалар бөлімдерінің меңгерушісі, хатшысы. 1989 жылдан - Қазақстан ЛКЖО ОК-нің бірінші хатшысы. 1991 жылдан - ҚР Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы. 1993 жылдан - ҚР Президентінің көмекшісі. 1995 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары. 1997 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Білім және мәдениет министрі. 1997 жылдан - ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі. 1998 жылдан - ҚР Президентінің Бірінші көмекшісі. 1999 жылдан - Атырау облысының әкімі. 2000 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары. 2002 жылдан - ҚР Премьер-министрі. 2003 жылдан - ҚР Мемлекеттік хатшысы. 2004 жылы ҚР Президент Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды. 2004 жылдың желтоқсан айынан 2008 жылдың сәуіріне дейін - Алматы қаласының әкімі. 2008 жылғы сәуір айынан бастап - Астана қаласының әкімі болды. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қоғамдық кеңесінің төрағасы (2004-2006). UNESKO істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының төрағасы. Қазақстан Республикасының оқпен ату Федерациясының құрметті президенті. Ә.Х. Марғұлан атындағы Халықаралық қордың Басқарма Төрағасы. «14 томдық Ә.Х. Марғұланның шығармалары» редколлегиясының мүшесі. «Саясат-Политика» ай сайын жарық көретін ақпараттық-сараптамалық бюллетені редакциялық кеңесінің төрағасы. «Еуразиялық қауымдастық» тоқсандық ғылыми журналының редакциялық кеңесінің мүшесі. Тәуелсіздіктің он жылдығын атап өту бойынша, сондай-ақ ЮНЕСКО көлемінде мерекеленген қазақ мәдениеті мен ғылымының көрнекті қайраткерлері: 1995 жылы - Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл, 1996 жылы - Жамбыл Жабаевтың туғанына 150 жыл, 1997 жылы - Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл, 1997 жылы Қаныш Сәтбаевтың туғанына 100 жыл, 2002 жылы - Ғабит Мүсіреповтің туғанына 100 жыл және 2004 жылы - Әлкей Марғұланның туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтойларды өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияларының төрағасы. Монғолияға, Батыс Қазақстанға және РФ-ның Астрахан облысына (Каспий: мұнай және мәдениет және т.б. жерлерге Халықаралық мәдениеттанушылық экспедициялардың ұйымдастырушысы. Солардың бірінің нәтижесінде, 2000 жылы Монғолиядан Қазақстанға ежелгі Күлтегін тас хаты кайтарылды. Философия ғылымдарының кандидаты. Кандидаттық диссертация тақырыбы - «Дүниетану аспектілерінің экологиялық проблемасы» (1990). Саясаттану ғылымдарының докторы. Диссертация тақырыбы - «Транзиттік саяси жүйелеріндегі әлеуметтік саясат» (1997). «Қазақстанның әлеуметтік-саяси жаңаруы: үрдістер мен басымдықтар» (1996), «Қазақстан: мемлекет және қоғам эволюциясы» (1996), Қазақстан Республикасы Конституциясының Түсіндірме сөздігі ұжымының жетекшісі (1996); «Саяси трансформация және қоғамның өтпелілік проблемасы» (1997), «Орталық Азия зергер - шеберлерінің туындылары» иллюстрациялық альбомының авторы (1997), «Қазақстан мұнай-газөндірісіне 100 жыл» (1999), Пекиннен Астанаға дейін: астаналардың ауысу тарихы» (2001), «Сарайшық» (2002 ж.), «Ұлы дала Кентавры» (2005ж.) кітаптарының авторы. Әлеуметтік-экономикалық даму және саясаттану проблемалары бойынша бірнеше ғылыми еңбектер мен мақалалардың авторы. «Әлеуметтік масылдық саясаты және мемлекеттілік дағдарысы», «Әлеуметтік саясаттың табиғаты мен типологиясы» (1997), «1996 жылғы әлеуметтік саладағы реформалаудың нәтижелері және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 1997 жылға негізгі басымдықтары мен міндеттері» (1997), «Әлеуметтік саланың шектеулі ресурстар жағдайындағы даму стратегиясы» (1997), «Қазақстан саясаттану энциклопедиясы» (1998), «Мемлекеттің бірінші тұлғалары: тарих пен қазіргі заман тұрғысындағы саяси портреттер» жинағы авторлық ұжымының мүшесі, бас редакторы (1998), «Атырау облысындағы дамудың қаржылық проблемалары» (1999). «Парасат» ордені (1998), Қазақстан Республикасыньң бірінші Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ордені (2004), Орыс Православ Шіркеуінің «Мәскеулік Даниил қасиетті патшасының» ордені, Ресей Федерациясының «Достық» орденімен және II дәрежелі «Барыс» орденімен (2010) марапатталған.

53 жыл бұрын (1961) Аяш Мүрсәлімқызы Мәкенова 1961 жылы 9 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында, ұстаздар отбасында дүниеге келген.

1983 жылы Павлодар қаласының педагогикалық институтының шетел тілдер факультетін «шет тілдерінің мұғалімі» біліктілігін үздік тәмамдады.

1989 жылы Мәскеу қаласындағы ЛКЖО ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебінде саяси білім алған.

2005 жылы Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім алды.

Павлодар қаласының комсомол комиссиясының бағыты бойынша 1983 - 1985 жылдары Павлодар қаласының педагогикалық училищесінде комсомол (аудандық комитет құқықтарымен) хатшысы болып қызмет етті.

1985-1986 жылдар аралығында Павлодар қаласындағы педагогикалық училищеде шетел тілдерінің мұғалімі

1986-1989 жылдары Павлодар қаласындағы оқушы жастар және пионерлер бөлімінің меңгерушісі, Индустриалдық аудандық партия комитетінің идеологиялық бөлімінің хатшысы, нұсқаушысы болып қызмет етті.

1989-1997 жылдары Павлодар қаласының педагогика училищесі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

1998-2007 жылдар аралығында Павлодар қаласының әкімі аппаратында құжаттамалық қамтамасыз ету, ұйымдастыру- бақылау және кадр бөлімдерінің меңгерушісі, Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы қызметтерін атқарды.

2007-2011 ж. аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық департаменті Павлодар облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директоры орынбасарының лауазымын атқарды.

2011 жылғы қаңтардан Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мониторинг және ақпараттық - талдау басқармасының басшысы

2014 жылғы шілде айынан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен (2009 ж.) «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2012 ж.) төс белгісімен марапатталды.

Тұрмыста, қыз баласы және немересі бар.

39 жыл бұрын (1975) әнші, композитор, музыка әрлеуші, "Дервиши" тобының жетекшісі, "Дервиши" музыка жазу студиясының директоры БАХАРОВ Ділмұрат Нұрахметұлы дүниеге келді.

Алматы облысының Панфилов қаласында туған. П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің халық аспаптары факультетін (1994) оркестр әртісі мамандығы бойынша; Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының композиция факультетін (2000) композитор мамандығы бойынша; «Тұран» университетінің экономика факультетін (2007) экономист мамандығы бойынша бітірген. ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева; ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Нұрлан Абдуллин, Бақыт Шадаева; «Дервиши», «101» топтары; «Саз Отау» дуэті; сондай-ақ Асылбек Еңсепов, Лана, Ділназ Ахмадиева, Мақпал Исабекова, Медеу Арынбаев, Шұғыла және табы басқа да көптеген орындаушылар орындайтын 100-ден астам эстрада жанрындағы әндердің (1996 жылдан); 20-ға жуық инструменталдық шығарманың (домбыраға, скрипкаға, қобызға арналған), классикалық жанр шығармаларының, симфониялық оркестрге, ішекті квартетке арналған шығармалардың, сондай-ақ «Шығысқа», «Шарасыз ұры болғандар, немесе Сандықта не жатыр» фильмдері музыкасының және т.б. авторы. 1992-1996 жылдары - «Нава» фольклорлық ансаблінің оркестр әртісі, 1996 жылдан - Қ. Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік музыкалық комедия ұйғыр театры ансамблінің музыкалық жетекшісі. 1993-1994 жылдары - П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің «Чанг аспабы» мамандығы бойынша педагогы. 1999 жылдан бері - «Дервиши» тобының солисі, композиторы, музыка әрлеушісі, топ жетекшісі, «Дервиши» дыбыс жазу студиясының директоры. Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі (2002 жылдан). «Media Wave» фольклорлық музыка халықаралық байқауында I орынға (Венгрия, 1999), «Жас Қанат» республикалық конкурсында II орынға (1999) ие болған. «Үздік әрлеуі үшін» «Азия дауысы» X халықаралық конкурсының сыйлығымен марапатталған (1999).

34 жыл бұрын (1980) шахматшы, халықаралық шебер, шахмат қайраткері, жаттықтырушы БАБАТАЕВА Индира Жағыпарқызы дүниеге келді.

Қарағанды облысы Ұлытау ауданында туған. «Қайнар» университетін бітірген. Шахмат ойнауды 11 жасында бастаған. Алғашқы жаттықтырушысы - Кеттебеков Бедербек Төркешұлы . 1995 жылы 16 жасқа дейінгі қыздар арасында, 1998 жылы 18 жасқа дейінгі қыздар арасында, 2000 жылы 20 жасқа дейінгі қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионы атанған. 1996 жылы Испанияның Майорка қаласында өткен 16 жасқа дейінгі қыздар арасындағы, 1998 жылы 18 жасқа дейінгі қыздар арасында (96 ел, 15 орын) өткен Әлем біріншілігіне қатысқан. Азия мемлекеттері арасында Иранда өткен біріншілікте 4-орынға ие болған. 2001 жылы Алматы қаласындағы Испан мәдениеті және білім бөлімінде «Индира Бабатаева» атты шахмат мектебін ашқан. 2002 жылы Алматы қаласында Кәсіпкерлер арасында Халықаралық турнир ұйымдастырған. 2003 жылы Испанияда өткен әйелдер арасындағы Халықаралық турнирде екінші орынға ие болып, осы жылы Хорват елінде өткен әйелдер арасындағы Халықаралық турнирдің жеңімпазы атанған. 2010 жылы Ханты-Мансиск қаласында өткен Әлем біріншілігіне қатысқан.

Соңғы жаңалықтар