9,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді — Серік Жұманғарин

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда құрылыс саласында жоғары өсу қарқыны байқалып отыр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығы алаңында өткен баспасөз конференциясында Премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин хабарлады.

Жұманғарин
Фото: Үкімет

Вице-премьер құрылыс саласы ел экономикасында тұрақты өсім көрсетіп отырғанын атап өтті.

— Құрылыс жұмыстарының өсуі 18,5%-ға дейін жеделдеді. 9,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғы тиісті кезеңнен 5,2%-ға артық, — деді Серік Жұманғарин.

Бұған дейін Серік Жұманғарин жеті айда ЖІӨ өсімі 6,3%-ға жеткенін хабарлаған еді.

 

Соңғы жаңалықтар