98 мектептің орнына 20 ғана: «Жайлы мектептердің» құрылысы неге кешігіп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының басшысы Мәулен Айманбетов «Жайлы мектептердің» құрылысы неге кестеден кешігіп жатқанын түсіндірді.
Ақпан айында Премьер-министрі Олжас Бектенов 1 қыркүйекке дейін 98 «жайлы мектепті» қолданысқа беруді тапсырған болатын. «Samruk-Kazyna» қоры қоғамдың кеңесінің кезекті отырысынан кейін журналистер «Жайлы мектеп» жобасының операторы – «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының басшысынан осы тапсырманың неге кестеден кешігіп жатқанын сұрады.
«Бұл кешігу емес. Құрылыстың нормативтік мерзімі деген бар.2000 орындық мектеп 25-28 айдың ішінде салынып бітуі керек. Үкіметтің жылдам салып бітірсек деген ниетін түсінеміз, әрине. Бірақ сапа деген бар ғой. Оның өзінде де 2000 орындық мектепті 18 айдың ішінде емес, 11 айдың ішінде аяқтап жатырмыз. Бұл өте жылдам деген сөз. Әкімдіктер тек 12000 орындық мектептерді ғана салады. Біз Binom сияқты 2000-2500 орындық мектептер салып жатырмыз. Таңертең оянғанда мектеп дайын тұру керек деген болмайды», - деді Мәулен Айманбетов.