Ә. Асқаров: Қазақ тарихы үшін ең құнды дүние - М.Х. Дулатидың «Тарихи рашидиі»

Кітапхана директорының айтуынша, ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігі Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи рашиди» атты қолжазбасын парсы тілінен қазақшаға аударып, кітап етіп жарыққа шығарған.
«Бұл кітап қазақтың мəдени өміріндегі айтулы жаңалықтың бірі. Бұған дейін Дулати қолжазбасы орыс тілінен қазақшаға аударылған болатын. Алайда аудармада көптеген түсінбестіктер, көне атаулар мен аттардың қате жазылуы, кейде əдейі бұратартушылық толып жүргендігі белгілі болды. Осы ретте қазақ ғалымдары тарапынан үлкен талқылау орын алды. Қазір «Қазақ хандығына 550 жыл» деп жатырмыз. Бірақ біз осы деректі қайдан алдық? Ол деректі Мұхаммед Хайдардың осы қолжазбасынан алдық. Басқа ешқандай жазбаларда Қазақ хандығының құрылғандығы жайында дерек кездестірілген жоқ. Бұл кітаптың қазақ үшін маңызы да осында жатыр», - деді Əлібек Асқаров.