Ә.Байменов Қазақстанның мемлекеттік органдарына шетел азаматтарының қызметке келуі мүмкін екендігін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет саласындағы Орталық Азия Өңірлік хабы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов Қазақстанның мемлекеттік органдарында шетел азаматтарының келуі мүмкін екендігін жоққа шығармайды.

Дегенмен ол шетел азаматтарының басқарушы лауазымдарға тағайындалуы екіталай екенін де жеткізді.

«Меніңше, біздің елде Украинадағыдай шетелдік азаматтар бірінші басқарушылық лауазымдарға тағайындала қоятынына күмәнім бар. Оның қажеттілігі де шамалы. Бірақ жекелеген салаларда шетелдік сарапшылар тартылады. Алайда олар біздің ұлттық мүдделерімізге сай, тиісті қызметтермен тексерілгеннен кейін, тек кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның ұсынуымен ғана жұмысқа қабылдана алады. Бұл норма «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заңда көрсетілген», - деп атап өтті ол Астанада өткен «Мемлекеттік қызметтегі заманауи үрдістер мен реформалар» атты конференцияда.

«Кейбір мемлекеттердің үлкен жетістікке жеткен жекелеген бағыттары бар. Меніңше, егер сол елдердің сарапшылары өз білімімен бөлісер болса, бұл Қазақстан дамуына үлкен серпін берер еді», - дейді Ә.Байменов.

Соңғы жаңалықтар