Ә. Бәйменов ОҚО Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жаңа басшысын таныстырды

АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басқарма бастығы болып Берік Айдарбекұлы Бекжанов тағайындалды. Басқарма ұжымына Берік Бекжановты ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов таныстырды. Ал, осының алдында бұл лауазымды атқарған Бөлекбаев Ермағанбет Қабдоллаұлы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Астанадағы тәртіптік кеңес төрағасы қызметіне ауысты. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Берік Айдарбекұлы Бекжанов 1967 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы мемлекеттік университетті заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. ҚР Парламенті Мәжілісінің төртінші шақырылым депутаты болған. Осыған дейін Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің құқықтық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Соңғы жаңалықтар