А. Дауылбаев Елбасы Жарлығымен марапатталған прокуратура органдарының бірқатар қызметкеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті
Қызметкерлерді осы айтулы мерекемен құттықтаған Бас Прокурор Асхат Дауылбаев егемендік алған жылдар ішінде Елбасының бастамасымен еліміздің қол жеткізген табыстары мен шыққан биік белестеріне, мемлекеттің басты құқықтық институттарының бірі болып саналатын прокуратураның өсіп келе жатқан қоғамдық және саяси маңызына айрықша тоқталды.
Тәуелсіздік Күнін мерекелеуге орай Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайтуда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін прокуратура органдарының бірқатар қызметкері мемлекеттік наградаларға ие болды.
Атап айтқанда, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрайымы Сәуле Айтпаева, Қарағанды облысының прокуроры Асқар Секішев ІІ дәрежелі «Даңқ» орденінің, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары Батыржан Жәнібеков, Ақтөбе облысы прокурорының орынбасары Жайылхан Мұхамедьяров ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегерлері атанды.
«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен Алматы қаласы прокуратурасы басқармасының бастығы Азамат Әлібеков, Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Нұрлан Бижанов, Қызылорда облысы Жалағаш ауданының прокуроры Хатиша Жұмағұлова, Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары Берік Жүйріктаев, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ақмола облысы бойынша басқарма бастығының орынбасары Юрий Капитанов, Жамбыл облысы прокурорының орынбасары Айдос Майлыбаев, Астана қаласы прокуратурасының аппарат басшысы Ғабит Мұқанов, Бас көлік прокуратурасының аппарат басшысы Бақытжан Нұғманов, Бас прокуратураның басқарма бастығы Марат Тойжан, Қарағанды облысы Теміртау қаласының прокуроры Біржан Шаулиев, Бас прокуратура аппаратының басқарма бастығы Гүлнар Шушикова наградталды.
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен Бас прокуратураның бөлім бастығы Тимур Исанов, Бас прокуратураның департаменті бастығының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев, Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының басқарма бастығы Наталья Колпакова, Алматы облысы прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары Рая Қабділмәлікқызы, Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының прокуроры Сұлтан Орманов, Бас Прокурордың аға көмекшісі Қайыргелді Сәкенов марапатталды.
Бас Прокурор марапатталғандарды құттықтап, олардың барлығына еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жауапты міндеттерді орындау жолында одан әрі жетістіктер тіледі, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.