А.Дауылбаев Ресей және Армения Бас прокуратуралары делегацияларының басшыларымен кездесті

None
None
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астана қаласында Бас прокурор Асхат Дауылбаев Ресей және Армения Бас прокуратуралары делегациясының басшылары Виктор Гриньмен және Мнацакан Саргсянмен кездесті, олар біздің елімізге прокуратура органдарының құрылғанына 20 жыл толу мерекесіне орай Бас прокуратураның шақыруы бойынша келген болатын, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қонақтар Асхат Дауылбаевты кәсіби мерекесімен, сондай-ақ еліміз мемлекеттік-құқықтық институттар құрудың, қоғам өмірінің барлық саласында табысты қарсы алғалы отырған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерейтойымен құттықтады.

Осы кездесулер құқықтық саладағы жолға қойылған ынтымақтастықты дамытудың және нығайтудың жалғасы болды. Трансұлттық қылмысқа қарсы күрес, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызмет, өзара құқықтық көмек көрсету мәселесіндегі ынтымақтастық көршілес серіктестік және өзара түсіністік негізінде шоғырландырылып жүзеге асырылуы керек екенін атап өтті тараптар. Әңгімелесушілер заңдылық пен өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қазіргі заманғы бейбітшілікке төнетін қауіп-қатерге бірлесіп қарсы әрекет ету жолдарын күшейтуді және іздестіруді үйлестіру бойынша жалпы стратегиялық міндеттерге байланысты мәселелердің ең кең ауқымы бойынша мүдделі ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттерін қуаттады.

Соңғы жаңалықтар
telegram