А. Есімов: Елбасының сарабдал саясаты - Қазақстанның бүгінгі жеткен жетістігінің кепілі (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Елбасының сарабдал саясаты - Қазақстанның бүгінгі жеткен жетістігінің кепілі. Бұл туралы бүгін Алматыда Республика сарайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткен салтанатты жиында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов мәлімдеді.
None
None

«Осыдан 23 жыл бұрын Республикамызды егеменді ел, зайырлы мемлекет деп жариялаған Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заң қабылданды. Ол Заң еліміздің тәуелсіздігін барша әлемге паш еткен маңызды құжат болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарабев ішкі саясатта экономикаық өсімді, халықтың әл-ауқатын арттыруды, тұрақтылық пен татулықты бірінші орынға қойса, сыртқы саясатта ынтымақтастық пен өзара іс-әрекеттікте тең әріптестікке басымдық беріп, әлемнің ең алдыңғы қатарлы елдерімен тең дәрежелі қарым-қатынас орнатты. Осылайша, Елбасының сарабдал саясаты Қазақстанның бүгінгі жеткен жетістігінің кемел кепілі болды», - деді А. Есімов

Айта кетелік, бүгінгі жиынға қаланың құрметті азаматтары, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, білім, ғылым, денсаулық сақтау және басқа салалардың қызметкерлері, сонымен қатар жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Соңғы жаңалықтар