А.Есімов Парижде ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысы туралы есеп берді

«Астана ЭКСПО-2017 ҰК баспасөз қызметі хабарлағандай, отырыста «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық туралы есеп тыңдалды.
Өз сөзінде ұлттық компания басшысы көрме кешенінің құрылысы бойынша жұмыс мәртебесі, көрменің мазмұнды бөлігі, халықаралық қатысушыларды, демеушілерді тарту және көрмені алға жылжыту мәселелерін айтты.
А.Есімов бүгінде 54 ел мен 11 халықаралық ұйым көрмеге қатысатынын растағанын нақтылады, сонымен қатар, халықаралық павильондар секцияларының 29 комиссары тағайындалды. ҚР Үкіметі мен ХКБ арасындағы See Agreement шартына қол қойылды.
Көрмеге 3 айда 2,1 млн адам қатынайды (5,1 млн келушілер). Олардың 85 пайызы - ҚР азаматтары, 15 пайызы - шетелдіктер. Skyway International Travels, STIC Travel Group и CITS туроператорларымен шарттар жасалды.
Көрме кешенінің құрылысы 2014 жылғы 24 сәуірде басталды. Кестеге сәйкес 2015 жылғы желтоқсанда оның алғашқы нысаны - Ұйымдастыру кеңесі пайдалануға беріледі.