Ә. Исекешев АҚШ-тағы ғаламдық технологиялар симпозиуымына қатысады

АСТАНА. 26 наурыз. ҚазАқпарат -26-30 наурызда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев ғаламдық технологиялар симпозиумына қатысу мақсатында Америка Құрама Штатына жұмыс сапарымен барады.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев дәстүрлі апталық брифинг барысында мәлім етті.

«ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің сапары барысында қазақстандық-экономикалық ынтымақтастықтың ахуалы мен үдемелі индустриалық-инновациялық бағдарлама аясындағы жобаларды талқылау жоспарланып отыр»,- деді ресми өкіл.

Бұдан бөлек, сапар барысында АҚШ-тың алдыңғы қатарлы жоғары технологиялық компаниялар басшылығы мен жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы өкілдерімен де кездесулері жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар