Ә.Исекешев бастаған қазақстандық делегация Францияда бірқатар келіссөздер өткізеді

АСТАНА. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қыркүйектің 20-21-і күндері ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев бастаған делегация Францияда бірқатар келіссөздер өткізеді. Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.
None
None

«Қыркүйектің 20-21-інде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту келешегін тақылқылау мақсатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев бастаған делегация Парижде бірқатар келіссөздер өткізеді», деді ол өз сөзінде.

Оның атап өтуінше, қазақстандық делегацияның сапары аясында Ә.Исекешевтің Францияның Сыртқы сауда жөніндегі мемлекеттік хатшысы әрі экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-француздық үкіметаралық комиссияның тең төрайымы Анн-Мари Идракпен, Көлік істері жөніндегі мемлекеттік хатшысы Доминик Бюсеромен, сонымен қатар ірі француздық компаниялардың басшыларымен кездесулері жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар