Ә. Исекешев: Қазақстанда экспортты қолдаудың «KazBrands» шаралар кешені жасақталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда экспортты қолдаудың «KazBrands» шаралар кешені жасақталды. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті. Оның сөзіне қарағанда, елімізде бұрын-соңды болмаған отандық
None
None

брендтер өмірге келеді. Ә.Исекешев ол өнімдер әлемдік нарықта өз орынын табатынына сенім танытты.

«KazBrands» шартты атауымен жүргізілетін аталмыш шаралар қаржылық және қаржылық емес қолдау жасау арқылы осы брендтердің қалыптасуына үлкен серпін береді. Әрбір бренд бойынша даму жоспары бар және біздің мақсатымыз «Қазақстанда жасалған» имиджін сыртқы нарықтарда көтеру», - дейді министр.

«KazBrands» шаралар кешені индустриаландырудың алдағы бесжылдығында атап көрсетілген шикізаттық емес саланы дамыту бағдарламасымен үндестірілетін болады.

Соңғы жаңалықтар