Ә.Исекешев «Нұр Отан» партиясы қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады

«Қоғамдық қабылдау бөлмесі - мемлекет саясатын түсіндіру мен жүргізу, сондай-ақ азаматтарымызға нақты шараларды көрсететін алаң болып табылады», - дейді Ә. Исекешев.
Қабылдау барысында азаматтарды шағын кәсіпкерлікті қолдау, инновациялық идеялар, техникалық реттеу және ҚР ИЖТМ бірқатар бағыттары бойынша сарапшы ретінде қатысу мәселелері бойынша өтініш білдірді.
«Қоғамдық қабылдау бөлмесі әлеуметтік жеделсаты қызметін атқарады, көп ретте азаматтардың бағдарламалар туралы жан-жақты ақпаратқа қолы жетпейді, оларды іске асырудың құралдары мен механизмдерін пайдалана алмайды», - деп атады ИЖТМ басшысы.
Оның айтуынша, қоғамдық қабылдау бөлмелері - халықпен кері байланыстың тағы бір құралы.
«Бүгінгі қабылдау кезінде өз жұмысымның ерекшеліктеріне қарай азаматтар инновациялық идеяларды, шағын кәсіпкерлік қолдау, көмір өнеркәсібі мен машина жасау салаларында сарапшылар құрамында қатысу секілді мәселелерімен өтініш білдірді», - дейді Әсет Исекешев.
Айта кетерлігі, қабылдаудың қорытындысы бойынша жас кәсіпкер Амантай Жандостың бизнес-жобасы қарауға алынса, ал жас ғалым Қазкен Сәрсенбектің инновациялық дизайнерлік орталық құру идеясы ИЖТМ басшысы тарапынан қолдау тапты. Келушілердің қалғандарына қызығушылық білдірген сұрақтары бойынша түсіндірмелер жасалды.