Ә.Исекешев Оралда өңірдің өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оралда ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев өңдеу өнеркәсібін және өңір инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуі мәселелері талқыланған кеңес өткізді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
None
None

Министрдің атап көрсеткеніндей, күрделі геоэкономикалық жағдайға қарамастан, қазір екі мемлекеттік бағдарлама: «Нұрлы жол» және индустрияландырудың екінші бесжылдығы мемлекеттік бағдарламаларын ойдағыдай өрістету және Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді дер кезінде орындау өте маңызды. Осы мақсатпен ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен әкімдік осы жылға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды.

Министр сондай-ақ Батыс Қазақстан машина жасау компаниясының жұмысымен танысты. Кәсіпорын мұнай мен газды өндіру, әзірлеу және тасымалдау үшін жоғары технологиялы жабдықтар өндірісін, күрделі металл құрастырмаларын жасаумен айналысады; мұнда алғашқы қазақстандық газ айдайтын агрегеттар мен газтурбинді электр стансалар жасау өндірісі игерілді.

Кәсіпорын базасында General Electric компаниясының лицензиялық технологиясы негізінде газтурбиндік қондырғыларды жөндеу, автоматика және басқару жүйесіне қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі сервис орталығы құрылған. Сондай-ақ зауыт авиадвигательдер жөндеумен айналысады.

Әсет Исекешев сондай-ақ Орал трансформатор зауытында болды, ол өткен жылдың соңынан бері үш фазалы қуатты трансформаторлар шығара бастады. Жобалық қуаты - жылына 10 000 дана. Жоба құны - 3,1 млрд. теңге. Оның ішінде өз қаржылары - 500 млн. теңге, қалғаны заемдық инвестициялар. Өндірісте 300 жаңа жұмыс орындары ашылды. Жоба «БЖК-2020» бағдарламасы ауқымында 2,6 млрд. теңге несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша қолдауға ие болды, 17,3 млн. теңгеге газбен жабдықтау тартылды.

Трансформаторлардың әлеуетті тұтынушылары - мұнайгаз саласының ірі компаниялары, энергетикалық кешен және темір жол кәсіпорындары. Келешекте зауыт өз өнімдерінің басым бөлігін ТМД елдеріне экспортқа шығармақ.

Соңғы жаңалықтар