А.Қоңыров пен Д. Легкий ҚКХП ОК хатшылары болып сайланды

АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясында (ҚКХП) басшылық ауысты.
None
None

ҚКХП Орталық комитетінің жаңа хатшылары болып ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров пен ҚКХП Қостанай филиалының бірінші хатшысы Дмитрий Легкий сайланды. ҚКХП ОК хатшысы Жамбыл Ахметбеков өз қызметін бұрынғы лауазымда әрі қарай жалғастыратын болды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясының кезектен тыс VIII съезінде Орталық комитет хатшылары Владислав Косарев пен Төлеш Кенжиннің, сондай-ақ ҚКХП Орталық бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы Александр Холодковтың өкілеттіктері тоқтатылған болатын. Владислав Косарев бір ауыздан ҚКХП ОК құрметті хатшысы болып сайланды. Төлеш Кенжин ҚР ҚКХП ОК төрағасы болып сайланды. Партияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, ҚКХП ОК мүшелері құрамында да бірқатар өзгерістер орын алды.

Соңғы жаңалықтар