«А» корпусының кадрлар резервіне іріктеуге 600-ден астам үміткер қатысады
![None None](/static/img/plug.webp)
Бұрын хабарланғанындай, 4 қыркүйекте «А» корпусының кадрлар резервіне іріктеу үшін құжат қабылдау басталған. Биыл «А» корпусының кадрлар резервіне іріктеу екі лауазым санаты бойынша жарияланды. Олар: министрліктер комитеттерінің төрағалары және аудан әкімі лауазымдары.
Құжат қабылдау үстіміздегі жылдың 15 қыркүйегінде аяқталған. Іріктеуге қатысу үшін барлығы 619 үміткер өтініш тапсырған. Осылайша, комитет төрағасы лауазымы бойынша бір орынға 15 адам, ал аудан әкімі лауазымы бойынша 1 орынға 4 адам үміткер болып отыр. Іріктеуге мемлекеттік қызметкерлер және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен қатар жеке сектор өкілдері қатыса алады.
Арнаулы біліктілік талаптарына, сондай-ақ заңдылық талаптарына сәйкес келетін және заң білімі бойынша тестілеуден өтіп, келесі басқышқа жолдама алған үміткерлердің тізімі Агенттіктің интернет-ресурсында, «Корпус «А» бөлімінде жарияланады.