«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу қағидалары бекітілді

АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары бекітілді.
None
None

«ҚазАқпарат» құжаттың мәтінін таратады.

******

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы № 524

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы

«Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаулы етемін:

1. Қоса беріліп отырған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары бекітілсін.

2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ 2013 жылғы 26 наурыздан ерте емес, қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 22 наурыз

№524

Қосымшаның мәтіні республикалық БАҚ-та жарияланған.

Соңғы жаңалықтар