А. Лукашенко: Қазақстандықтар Кеден одағының батыс шекарасында сенімді достары бар екендігін білулері тиіс

МИНСК. 14 мамыр. ҚазАқпарат -Бүгін Минскіде өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко екі мемлекет халқының достығы мен мүдделерінің ортақтығын атап өтті.
None
None

«Қазақстандықтар біздің Кеден одағымыздың батыс шекарасында, болашақтағы еуразиялық экономикалық одағында сенімді достары әрі бауырлас ағайындары бар екендігін  білуі, есте сақтауы және түсінулері тиіс. Біз бірыңғай экономикалық кеңістік аясында өте тиімді ықпалдасудамыз. Біздің мақсаттарымыз бір. Шешімдеріміздің орындалуын бақылау үшін біз алдағы уақытта да жыл сайын жоғары деңгейде кездесіп тұруға уағдаластық», - деп атап өтті.

Сонымен қатар тараптар 2012-2013 жылдарға арналған Сауда-экономикалық ықпалдастықты дамыту жол картасының жүзеге асырылуына ерекше көңіл бөлді. «Президент (ред.-Қазақстанның) атап өткендей, аталмыш құжат біздің өзара әрекет етуіміздің барлық дерлік саласында бірлескен 60-қа жуық  іс-шара мен жобаны қамтиды. Бұл құжаттың жүзеге асырылуы айтарлықтай нәтиже беруде. Біз барлық Орталық Азия тіпті, Қытай бойынша жұмыс істей алатын алаңның болғандығын қалаймыз. Сіздердің мүдделеріңізге Еуропада қуана өкілдік етеміз», - деді А. Лукашенко.

Соңғы жаңалықтар