А.Лукашенко Кедендік одақ аясында қол қойылған келісімдерді ратификациялайтын құжаттардың топтамасына қол қойды

АСТАНА. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат - Беларус Республикасының Президенті Александр Лукашенко Беларус, Ресей және Қазақстан Кедендік одағы аясында қол қойылған келісімдерді ратификациялайтын құжаттардың топтамасына қол қойды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, республика басшысы тарифтік квотаны қолдану жағдайлары және тетіктері туралы келісімдерді ратификациялау туралы заңға, тарифтік жеңілдіктерді беру туралы хаттамаға, Бірыңғай кедендік тарифтердің ставкаларынан өзгеше ерекше жағдайларда әкетілетін кедендік баждар ставкаларының жағдайлары және қолдану тәртібі туралы хаттамаға қол қойды.

А.Лукашенко Кедендік одақ тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйелері туралы хаттаманы ратификациялау туралы заңға, Кедендік одақ комиссиясының хатшылығы туралы келісімге, кедендік рәсімдердің және кедендік режимдердің түрлері туралы келісімге, тауарларды декларациялау, Кедендік одақ мемлекеттерінде кедендік рәсімдеу және кедендік бақылау тәртібі туралы келісімге қол қойды.

Сонымен қатар, Кедендік одақ шекаралары арқылы жылжытылатын тауарлардың кедендік құнын жіберу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы заңнама актісіне, Кедендік одақ шекаралары арқылы жылжытылатын тауарлардың кедендік құнын айқындаудың дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы келісімге, одаққа қатысушы мемлекеттерде кедендік төлемдерді есептеу және төлеу тәртібі туралы келісімге қол қойды.

Сонымен қатар, Беларустің, Ресейдің және Қазақстанның кеден органдары арасындағы тауарлардың кедендік құнын айқындау және бақылау үшін қажетті ақпараттар алмасу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заңға қол қойды.

Соңғы жаңалықтар