20:53, 22 Маусым 2010 | GMT +5
А.Лукашенко мен Н.Назарбаев телефон арқылы бірқатар мәселелерді талқылады
АСТАНА. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Беларус Президенті Александр Лукашенко мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады БЕЛТА агенттігі беларус көшбасшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев «Газпром» ААҚ-пен арадағы пайда болған дауға байланысты мәселенің мәнісіне ден қойды. Александр Лукашенко беларус тарапының ұстанымы туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді. «Газпромның» Беларус Республикасына қарызына ерекше көңіл бөлінді, бұл сома қарыздың беларустік бөлігінен едәуір асып түседі.
Сондай-ақ Қырғызстандағы, әсіресе осы елдің оңтүстігіндегі жағдай талқыланды. Қазақстан Президентінің айтуынша, бұрын жайнап тұрған Ош қаласы қирандыға айналған, тұтастай алғанда елдегі тұрақтылықтың ауылы әлі де алыс.
Нұрсұлтан Назарбаев Александр Лукашенконы шілденің 4-5-і күндері Қазақстанға келуге шақырды.