17:26, 02 Сәуір 2016 | GMT +5
А.Махметов өзбек қарсыласын 4-ші раундта техникалық нокаутпен жеңді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскеменде «Astana arlans» командасы Бүкіләлемдік бокс сериясы алтыншы маусымының жекпе-жектерін жалғастырып, өзбекстандық «Uzbek tigers» командасымен шаршы алаңда кездесуде.

52 келі салмақ санатындағы алғашқы жекпе-жек қазақ боксшысы Азат Махметов пен Ароржон Кадыровтың арасында өтті. Алғашқы раундтан-ақ Азат белсенділік танытып, өзбек боксшысының жеңіске жетуіне еш мүмкіндік бермеді. 4-ші раунда өзбек боксшысының қабағы жарылып, жекпе-жек тоқтатылды.
Естеріңізге сала кетейік, 27 ақпанда Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен матч барысында «Астана арланс» өзбек боксшыларына 4:1 есебімен есе жіберіп қойған еді.
Алда әлі үш кездесу бар. Астана арланы Закир Сафиуллиннің келмеуіне байланысты жеңіс өзбекстандық Елнур Адураймовқа берілген еді. алда Асланбек Шымбергенов пен Махмуд Гаипов (69 келі), Арман Рысбек пен Шухрат Абдуллаев (81 келі), Қамшыбек Қоңқабаев пен Мирзохиджон Абуллаев (+91 келі) жұдырықтасады.