А.Мамытбеков елде жайылым тапшылығы мәселесі бар екендігін мойындады (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанның оңтүстігінде жайылым тапшылығы мәселесі әлі де өзекті. Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков ҚР Мәжіліс депутаты Жексембай Дүйсенбаевтың мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді.
None
None

Халық қалаулысы бүгінгі Парламент отырысында ауыл шаруашылығына бөлінген жерлер өз мақсатында пайдаланылмай жатқаны туралы мәлімдеме жасаған болатын. Министр мұндай проблема әсіресе оңтүстік өңірлерде өзекті екендігін жеткізді. Оның айтуынша, Қазақстанда 180 млн га ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жер бар, оның 150 млн га-сы жайылымдар. «Егістік мақсатта 100 млн га жер бөлінген. Халық санының аздығына қарамастан, мұндай мәселе бар. Берілген жерлерде бағатын мал жоқ, немесе егістікке пайдаланылып жатқан жоқ. Ал, бизнеспен айналысқысы келетіндердің жері жоқ. Осындай парадоксалды жағдай бар. Бірақ, барлық жерде емес. Солтүстік аймақтарда әкімдер бос жерлерді «айналысам» деген кәсіпкерге беруге дайын. Ал, оңтүстікте бұл проблема әлі де өзекті», - деді А.Мамытбеков. Министр осы мәселені шешу мақсатында жер салығы көтерілгенін айтты. Мақсатты түрде пайдаланбай отырған кәсіпкерлерге енді 10 есе артық төлеуге тура келеді.

Соңғы жаңалықтар