А.Меңлібаеваның туындылары Венеция биенналесінің үздік алтылығына енді
Айта кетерлігі, 4-6 шілде аралығында заманауи өнер, сәулет, дизайн, өнеркәсіптік дизайн, музыка және театр өнерлерін біріктіретін Astana Art Fest-2016 фестивалі өтіп, онда А.Меңлібаеваның жұмыстары көпшілігік назарына ұсынылған еді.
«Фестивальдің негізгі мақсаты - қазақстандық суретшілердің әлемдік алаңдарға, нақты айтқанда Венеция биенналесіне (көркемсурет көрмесі немесе фестивалі) қатысуын қамтамасыз ету. Біздің суретшілеріміздің зор әлеуетінің бола тұра Венецияда қазақстандық павильонымыздың болмауы көңілге қаяу түсіреді», - деді ол.
Осы орайда орталық басшысы Венеция биенналесі жылына екі рет Еуропада өтетіндігін еске салды.
«Бірақ, біздің суретшілеріміз өкінішке орай Әзербайжандағы павильонда жұмыс істеп, жүлделі орындарға ие болуда. Мәдени ел ретінде Қазақстанның халықаралық пиары үшін бұл өте маңызды. Бір мысал келтіре кетейін, Astana Art Fest заманауи өнер фестиваліне Алмагүл Меңлібаева қатысты. Оның жұмыстары Венеция биенналесінле үздік алтылыққа кірген. Ескере кетерлігі, көрмеге ұсынылған мыңдаған жұмыстың ішінен алтылыққа кіріп отыр», - деді А.Нұрпейісов.
Айта кетерлігі, Алмагүл Меңлібаеваның жұмыстары 2005 жылдан бері әлемдік экспозицияларда көрсетіліп келеді. Мәселен, Венецияның өзінде оның туындылары бұған дейін үш рет көрсетілді. Мұнан бөлек, оның еңбектері Сидней, Киев және Мәскеудегі фестивальдерде зор сұранысқа ие болды.