А.Миллер ҚР Президентіне мұнай-газ саласындағы қазақстан-ресей ынтымақтастығының келешегі туралы баяндады

АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Газпром» ААҚ басқарма төрағасы Алексей Миллермен кездесті. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Кездесу барысында Мемлекет басшысына мұнай-газ саласындағы қазақстан-ресей ынтымақтастығының жай-күйі және келешегі баяндалды.

Бұдан басқа, тараптар «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ мен «Газпром» ААҚ арасындағы табиғи газ бен газ конденсатын өндіру, тасымалдау өңдеу және өткізу саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін қарады.

 

Соңғы жаңалықтар