А.Мұхамбетов: Жаңа жыл еңбек пен жаңа күш-жігер жылы болмақ

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қостанайлықтарды Жаңа жылмен құттықтады.
None
None

"Құрметті қостанайлықтар!

Өткен 2015 жылы ойға алған көп шаруаның басын қайырып, облыстың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы қамтамасыз етілді, жаңа табыстар мен жетістіктердің негізі қаланды.

17 миллион қазақстандықтармен бірге аймақта еліміз өміріндегі атаулы күндер - Конституция қабылдануының 20 жылдығы, бірегей институт - Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтті.

Облыста бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асырылды, тағы 46-сы іске асыру үстінде, жаңа жұмыс орындары ашылуда, инвестициялар тарту жұмысы жалғастырылуда.

Қостанайлық диқандар 5 миллион тонна астық бастырып, ауа райының күрделі жағдайы да кедергі бола алмайтын нағыз кәсіпқойлар екенін тағы да қуаттады.

Биылғы жылы мал шаруашылығын дамытуда ет кластерінің құрылуы қуатты серпін бермек. Ұлт жоспарын және «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асырудың арқасында әрбр қазақстандықтың алдынан елеулі перспективалар ашылуда. Осы стратегиялық құжаттарда Ұлт көшбасшысы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев реформалар мен перспективалардың қазақстандық жолын, жаңа дағдарысқа қарсы бағдарламаны белгіледі.

Жаңа жыл еңбек пен жаңа күш-жігер салатын, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді дәйекті шешетін жыл болмақ. Қиын кездері қсостанайлықтар өздерінің үздік қасиеттерін - төзімділікті, еңбексүйгіштікті, облысымыздың болашағы жолындағы жауапкершілікті паш етуде.

Қымбатты қостанайлықтар!

2016 жыл еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығы ұранымен өтеді. Біз осы мерекелі күнді елдегі және облыстағы лайықты нәтижелермен, жеке табыстарымызбен және жетістіктерімізбен қарсы алуға барлық күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз.

Мен Жаңа жыл әр үйге бақыт пен молшылық, тыныштық пен игілік әкелсін деп тілеймін!

Сіздердің үміттеріңіз бен ең асыл армандарыңыз орындалсын!

Жаңа жылмен!», - делінген әкімнің құттықтауында.

Соңғы жаңалықтар