А.Мусин ҚР Президентіне өңірлерге түскен республикалық бюджеттің жұмсалуы туралы баяндады

АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Аслан Мусинді қабылдады.
None
None

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

А.Мусин Қазақстан Президентін Есеп комитетінің 2012 жылғы жұмысының негізгі қорытындылары, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асырудың тиімділігіне бақылау жасау, сондай-ақ, бюджеттік қаражатты пайдалану нәтижелері туралы хабардар етті.

Сондай-ақ, кездесу кезінде Есеп комитетінің төрағасы Мемлекет басшысына «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды жоғары қаржылық бақылау органының орындауы туралы баяндады.

Бұған қоса, А.Мусин Мемлекет басшысына жергілікті бюджеттердің тиімді атқарылуын бағалау жөніндегі Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың тексеру комиссиялары қызметінің нәтижелері, сондай-ақ трансферттер мен инвестициялар түрінде өңірлерге түсетін республикалық бюджеттік қаражаттың жұмсалуы туралы мәлімдеді.

Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар