А.Мырзахметов: «Нұр Отан» жаңа шынайылық жағдайында жұмыспен қамтуды қолдауды ұсынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» жаңа шынайылық жағдайында жұмыспен қамтуды қолдауды ұсынады. Бүгін саяси партиялар арасындағы телепікірсайыс барысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов осылай деді.
None
None

«Жаңа шынайылық жағдайында жұмыспен қамтуды қолдап, экономиканың сапалы түрленуін жалғастыру қажет. Бұл экономиканың сыртқы факторларға тәуелділігін төмендету үшін жасалады»,- деді ол.

Оның атап өтуінше, жұмыспен қамту міндетін жүзеге асыру үшін президенттік «Нұрлы жол» бағдарламасы негізінде дағдарысқа қарсы шаралар қабылданған. Ол 400 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

«Мұнан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Жұмыспен қамтудың жол картасы» күшейтілді. Ағымдағы жылы бұл мақсаттарға 60 мың жұмыс орнын қолдауға мүмкіндік беретін 100 млрд. теңге бөлінді», - деді партия Төрағасының бірінші орынбасары.

А.Мырзахметовтің атап өтуінше, Тәуелсіздік жылдары ішінде еліміздің экономикасы 59 трлн. теңге инвестиция тартылған.

«Халықтың шынайы табысы 3,5 есе өсті. Тек соңғы 10 жылда ғана шағын және орта бизнес үлесі 2,5 есе өсіп, бұл салада еңбекпен қамтылғандардың саны 1 миллоннан 3 млн. адамға дейін көбейді», - еді ол.

Сонымен қатар ол Индустрияландыру бағдарламасының алғашқы 5 жылдығында өңдеу өнеркәсібінің 28 жаңа секторы құрылып, 3 мың жаңа өндіріс игерілді және 400 жаңа өнім түрі шығарылды.

Соңғы жаңалықтар