А.Островский атындағы облыстық орыс драма театрының кезекті маусымы жаңа премьерамен ашылмақ

ОРАЛ. 11 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Бүгін А.Островский атындағы облыстық орыс драма театрының кезекті, 152-інші маусымы ашылмақ.
None
None

Театр директоры Юрий Зеленцовтың айтуынша, сахнада Александр Островскийдің «Орман» пьесасы бойынша спектакль алғаш рет қойылғалы отыр. Премьерада Лариса Муха, Тамара Столярова, Раиса Курбангалеева сынды театрдың белді әртістері ойнайды. Жалпы, театр құрамында пәлендей өзгеріс жоқ. Бас режиссері - Оксана Малуша.

Көршілес Атырау облысынан гастрольдік сапардан табысты оралған байырғы театр әртістері енді оралдық көрермендерді тың қойылыммен қуантпақшы.

Соңғы жаңалықтар