А.П. Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театры Астанада көрермендер назарына 3 премьера ұсынады

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында 15-17 қарашада А.П. Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театрының гастрольдері өтеді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Олар көрермендер назарына «Предложение», «Зверь», «Женитьба» шығармаларының премьерасын ұсынады.

15 қарашада А.П. Чеховтың «Предложение» қойылымының премьерасы өтеді. Қалжың-спектакль классикалық сықақ жанрында қойылған. Бұл спектакль ең жарқын, ең адал сезімдерді оятуды көздейді.

16 қарашада екінші қойылым, М. Гиндин және В. Синакевичтің «Зверь» шығармасының премьерасы өтеді. Техногендік апаттан кейін жер бетінде тіршілік иелері отбасын құру, болашаққа үмітпен қарау үшін өздеріне ұқсас жандарды іздеп, кезіп жүреді.

17 қарашада Н. Гогольдың «Женитьба» комедиясы қойылады. Спектакль театралды, жаңа, жеңіл, тапқыр әрі күлкілі.

Театр репертуарында түрлі формадағы, жанрдағы, санаттағы және бағыттағы 30-дан астам спектакль бар, соның ішінде М. Булгаковтың «Мастер және Маргарита», Н. Гогольдің «Өлі жандар», А. Чеховтың «Үш апалы-сіңілі» және т.б.

Соңғы жаңалықтар