«A-Parking» жүйесінің арқасында салық түсімі 5 есе артқан - Бауыржан Байбек

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында Бауыржан Байбек Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматыда цифрландыру бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Әкім биыл қалада «Smart Almaty» жол картасының тұжырымдамасы дайындалып жатқанын тілге тиек етті.

Оның айтуынша, бүгіннің өзінде электронды сауда үлесінің 40%-ы мен картамен есептесудің 54%-ы Алматының еншісінде.

Азаматтарға көрсетілген электронды мемлекеттік қызмет түрлері 8 есеге артып, 1,4 миллионға жетті.

«IT-шешім қабылдамас бұрын жобаның экономикалық тұрғыдан тиімділігіне баса назар аударамыз. Бірнеше жобаның арқасында көлегейлі экономиканың үлесі азайып, көлік жүйесі нарықтық функцияға көшті. Оңай жүйесі арқылы құны 20 млрд теңге болатын 350 млн транзакция жасалды. «A-Parking» жүйесімен қала тұрақтарының 10%-ы қамтылған. Бұл қаланың салық түсімін 5 есеге арттырды, яғни 38 млн теңгеден 190 млн теңгеге жетті. Бүгінде маршруттарды оңтайландырудың интеллектуалды көлік жүйесін жасап жатырмыз», - деді Б.Байбек.

Қала әкімі аlmatygenplan.kz сайтында қызыл желілер мен электр, жылу жүйелері туралы ақпарат ашық берілгенін айтты.

2018 жылы қаланың 3D-картасы жасалып, инфрақұрылымның цифрлық құжаттандыруы аяқталады.

Сонымен қатар, қалада пилоттық режімде «Электронды ПИК» жүйесі іске қосылды.

Айта кету керек, Алматыда «Open Almaty» жаңа форматтағы қоғамдық қабылдау ашылған болатын.

Мұнда 5 мың адамның шағымы қабылданып, open space қағидаты бойынша құқықтық қызмет орталығы ашылды. Балабақша мен мектептерге, баспанаға құжат қабылдау процестері автоматтандырылған.

Соңғы жаңалықтар