А.Рысбек «Астана арландары» командасына кезекті жеңіс сыйлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскеменде Бүкіләлемдік бокс сериясының алтыншы маусымы аясындағы кездесуде «Astana arlans» командасының боксшысы Арман Рысбек өзбекстандық «Uzbek tigers» командасының мүшесі Шухрат Абдуллаевты жеңді.
None
None

Айта кетейік, 52 келі салмақ санатындағы алғашқы жекпе-жекте қазақ боксшысы Азат Махметов Ароржон Кадыровты жеңген еді. Алайда 60 келіде шаршы алаңға көтерілуі тиіс боксымыз Закир Сайфуллиннің келмей қалуына байланысты жеңіс өзбекстандық Елнур Адураймовқа берілген болатын. Одан кейін Асланбек Шымбергенов өзбекстандық Махмуд Гаиповтан басым түсті.

Соңғы кездесу Қамшыбек Қоңқабаев пен Мирзохиджон Абуллаевтың (+91 келі) арасында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, 27 ақпанда Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен матч барысында «Астана арланс» өзбек боксшыларына 4:1 есебімен есе жіберіп қойған еді.

Соңғы жаңалықтар