А.Сәрінжіпов 10 үздік магистрантқа Назарбаев стипендиясын табыс етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов бүгін Астанада еліміздің 10 үздік магистрантына Н. Назарбаев атындағы стипендияларды табыс етті.
None
None

«Біз бүгін Қазақстан үшін атаулы күн, ҚР Тұңғыш Президенті күнінің қарсаңында жиналып отырмыз. Өздеріңіз байқауға қатысып, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, идеяларыңызды Қазақстанның дамуына жаратқыларыңыз келіп, бүгін осында келіп отырсыздар. Сондықтан да мен сіздерді шын жүректен құттықтаймын», - деп атап өтті министр.

А. Сәрінжіповтің сөзіне қарағанда, елімізде Мемлекет басшысының саясаты арқасында қазір жастарға барлық мүмкіншіліктер жасалған.

«Енді ЖОО-да оқимын десең, жыл сайын бізде 150 мыңнан астам грант бөлінеді. Шетелде білім алам десең, «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелде ең үздік университеттерге барып білім ала аласыздар. Өнермен айналысам десеңіз, бізде жаңа театрлар, жаңа сахналар ашылуда. Спортпен шұғылданам десеңіз, жаңа стадиондар ашылуда. Қарап отырсаңыздар, Қазақстанда барлық мүмкіншіліктер бар. Ол үшін тек жақсы оқу керек, жұмыс істеу керек. Шаршамай осы үлесімізді Қазақстанның дамуына қосу қажет», - дейді ол.

Айта кетейік, Н. Назарбаев атындағы стипендия 2011 жылдан бері жыл сайын екінші курс магистранттарына беріледі. Биыл байқауға 46 магистрант қатысты, солардың ішінен ең үздік деп танылған әр өңірдің 10 магистрантына стипендия тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар