18:41, 03 Маусым 2015 | GMT +5
А.Сәрінжіпов А.Перуашевпен болған пікірталасқа байланысты түсінік берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл жайлы ұмытып, әрі қарай жұмыс істейміз деп ойлаймын. Мұндай пікірді бүгін Мәжілісте білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов өткен аптада өзі мен Мәжіліс депутаты Азат Перуашев арасында туындаған пікірталасқа қатысты түсінік беру кезінде айтты.

- Ешкімді ренжіткім келмеді. Өз пікірімді ғана айттым. Мұны артта қалдырып, жұмысымызды әрі қарай жалғастырамыз деп ойлаймын, - деді А.Сәрінжіпов. Пікірталас білім беру мәселелері бойынша заңнамалардағы түзетулерді қарастыру кезінде туындаған. Дау-дамайға ЖОО-ларды бағалаудың аттестациялық жүйесінен аккредитациялық жүйесіне өту мәселесі себеп болған.